Page 14 - Қос сөздердің құпиясы
P. 14

сұрақ тудырады. Біріншіден, тува тіліндегі «эмин эрттир» тұрақты тіркес қос

                  сөзге қалайша айналған? Екіншіден, «эмин» сөзінің тек қана «еркінмен»
                  тіркесуінің себебі неде? және тағы басқалар. Бұған мынандай жауап беріп
                  түйін жасауға болады.


                  Қос сөздегі «еркін»-біздің қазіргі тілімізде жеке қолданылатын «бас
                  бостандығы бар, азат» мағынасын беретін «еркін» емес. Бұл тува тіліндегі
                  «эрттир» сөзінің қазақ тіліндегі дыбыстық өзгеріске түскен түрі. Соның

                  нәтижесінде бертін келе қос сөзге айналған. «Аса, тым» үстеулерінің біздің
                  тіліміздегі тағы бір баламасы-«шамадан тыс» деген ұғымды білдіреді. Тува
                  тіліндегі «эмин эрттир» дәл осы мағынада қолданылады. Демек, біздегі

                  «емін-еркін» қос сөзі де тіліміздегі «аса, тым, өте, шамадан тыс» дегендердің
                  біреуінің ғана орнына жүре алады. Мысалы:  «Ақаңның жалғанды
                  жалпағынан басып, емін-еркін ұрттап шайнаған шағы»  (Т. Нұртазин
                  «Мұрат».). осындағы «емін-еркін» қос сөзінің орнына «шамадан тыс» деген

                  тіркесті қолдансақ та, сөйлем құрылысына нұқсан келтірмеуі айтылған
                  пікірімізді дәлелдей түседі.


                  Өлім-жітім. Қаза,шығын сөздері осы сөзбен беріледі: «Мал қыстың суығын
                  көтере алмай, өлім-жітімге ұшырайды»  (Газеттерден).


                         Қос сөздің бірінші сыңарын түсіндіріп жату артық. Екінші сыңары-
                  «жітім» тілімізде жеке айтылмайды, сондықтан оның тиісті мағынасы жоқ.

                         Ертедегі түркі тілдерінде дербес қолданылып, өз алдына мағына

                  алғанын сол кездегі сөздіктерден «йит» сөзін кездестіріп, оның жоғалу,
                  жойылу  ұғымын беретінін білеміз.


                         Қазақ тілінде жеке-дара кездеспегенімен өзге түркі тілдерінде осы
                  күнге дейін дербес қолданылады:  қырғыздарда-«жит», хакастарда-«чіт»,
                  туваларда-«чидери», якуттарда «сүт» сөздерінің бәрі-жоғалу, жоғалып кету,

                  жойылу мағыналарында айтылады. Сондықтан бұл тіркестің ертеректе біздің
                  тілімізде болғанына күмәнданбаймыз. Қазіргі кезде ол бізде тек қос сөз
                  құрамында ғана сақталған. «Жітім» сөзінің ертедегі мағынасын «өлім»
                  сөзімен қоса қолдансақ, қос сөздің мағынасы «өлім-жойылу» болып шығады.


                  Алба-жұлба. Жыртылған, тозған затты бейнелеп, суреттеп айтқымыз
                  келгенде осы қос сөзді пайдаланамыз: «Алба-жұлба қараша үйдің сырт

                  жағына қарасаң , іші өртеніп жатыр ма дейсің...» (Б. Майлин. Шығ.).

                         Сырт қараған адамға қос сөз төркінін түсіну өте қиын сиякты.

                  Дұрысына көшсек, түрлі жұрнақтарды қосып алып, тұлғасы адам танымастай
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19