Page 26 - Қос сөздердің құпиясы
P. 26

Пәлен-түген. Мағынасы жағынан бұл қос сөз де «пәлен-пәштуан»тіркесіне

                  жақын тұр. «Мақсүтбек пианиноға сүйеніп тұрған-ды. Пәлен-түген ештеңе
                  айтпады» (И.Жақанов, «Екі жирен»).

                  Екеуі де бірінен-бірі ажырасып, жеке-дара сирек қолданылады. Оның өзінде

                  де сөз саптаушы авторлардың  қолдану еркіне байланысты болады. «Пәлен
                  жақынға бардым, түген жақынға бардым» деп Қалиман ылғи түн ортасында
                  оралады» (Ә. Нәбиев, «Шолпан»).


                  Қос сөздегі «пәлен» сөзінің тарихы туралы жоғарыда айтылды Ал, екінші
                  сыңары-«түген» сөзі түркі тілдерінде ертеден қолданылады. Өйткені, хакас,
                  шор, татар тілдерінде: «тігі», ал туваларда-«дүү» тұлғалы сөздер, қазақ

                  тілінде сол, сонау сияқты есімдерінің орнына жұмсалады. Кейде тува
                  тіліндегі «дүү»-«басқа» деген мағынада да айтылады.


                         Осы айтылған «тігі», «дүү» түбірлері «ен» немесе «ген»
                  жұрнақтарының көмегімен, «пәлен» сөзімен үндесе отырып, «түген» тұлғасы
                  пайда болған демекпіз.сонда араб, парсы тілінен ауысқан «пәленді», түркі

                  тілдерінен туындаған «түгенді» қазақшалап түсіндірер болсақ, «сондай-сол»,
                  «сондай-ақ басқа» мағынада көрінер еді.


                  Алас-құлас. Бұл сөз «қарбалас», «асығыс», «тығыл-таяң» деген мағынаны
                  береді. Кейде «алас-қапас», «алас-күлес күйінде де айтылады. «Ауыл алас-
                  күлес, ... Дауыл өте шыққандай болды» (Қ.Сәрсекеев. «Кілт»).


                         Қазіргі қазақ тілінде бұл сөздердің бір де бірі жеке айтылғанда
                  ешқандай мағына бермейді. Бірақ түркі тілдерінің кейбірінде олардың
                  әрқайсысының өз мағынасы бар, дербес сөз. Якут тілінде: «ааллас»-топтану,

                  тобырлану, топтала қозғалу дегенді білдірсе, «кулаһый»,-айналу, үйірілу,
                  топырлау деген мағыналарда айтылады. Соңғы «кулаһый» сөзіндегі  «һ» якут
                  тілінде «с» әрпі орнына жүреді. Сол себепті ол қос сөзіміздегі  «құлас»

                  мағынасына жақындайды.Аталған тілдік деректерді  ескере келіп, «алас-
                  құлас» дегеніміз «берекесіз қозғалу, тыпыршу» мағыналарын  беретін,
                  ертеректе қазақ тілінде де дербес қолданылған сөздер деп білеміз.




                  Анда-санда.  «Сирек», «ілуде бір» сөздерінің орнына жүретін қос сөз:

                  «...шырағым күн жылыда, жұмыс болмаған уақытта, анда-санда ғана барып
                  сабақ алып тұр» (С. Торайғыров, «Мағынасыз мешіт»).
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31