Page 27 - Қос сөздердің құпиясы
P. 27

Жеке алып қарағанда, «анда» және «санда» сөздерінің өзіндік

                  мағыналары жоқ болып көрінгенмен, іздестіре келгенде бұл пікіріміз теріске
                  шықты. Мысалы, қырғыз тіліндегі «чанда» сөзі біздегі «сирек,сирек
                  кездесетін мағыналарын иеленген. Сол тілдегі сөздікте айтылғандай, оларға
                  бұл сөз парсы тілінен ауысқан. Түркі тілдерінің бірі-телеуіттерде «сандақ»

                  сөзі «сирек» деген ұғымды береді. Осы сөз ертеректе біздің тілімізде де
                  қолданылып, «анда-санда» қос сөзінің тууына себеп болған деген жорамал
                  айтуға болады.Ал қос сөздің алғашқы «анда» сыңары –«санда» сөзінің

                  бастапқы дыбысының түсіп қалып, қайталануы болса керек, Қос сөздерде
                  мұндайлар жиі кездесетін құбылыс.


                  Некен-саяқ. Сирек, бірлі-жарым тіркестері кейде осы қос сөз арқылы
                  беріледі.


                         «Қыз көрдім қыз ішінде некен-саяқ,

                         Сұлулық берген «тәңірім» аямай-ақ»...


                                              (Д.Әбілов, «Миллиард»).

                         Қазіргі тілімізде қос сөздің бірінші сыңары-«некен» жеке-дара
                  айтылмаса да ертедегі жырларда кездеседі.


                         «Жалғанда құдай деген сен бір некен,


                         Дегендер оңбас сізге қастық етем»...

                                                     (Ғашықнаме).


                  Ал саяқтың қазіргі тілімізде екі мағынасы бар екені белгілі. Соның бірі-
                  жалғыз,жеке дара.


                         «Некен» тұлғалас сөз түркі тілдерінде ұшыраспаса да, онымен туыстас
                  моңғол, қалмақ сөздерінен табамыз. Моңғол тілінде: «нег»-«жалғыз»,
                  қалмақтарда: «негхн»-«жалғыз» мағыналарын береді. Сөз түбірі «нег»

                  екендігі моңғол тілінен көрініп тұр. Біздегі қос сөз сыңары-«некен»
                  қалмақтардан ауысып келіп қалыптасқандығы пікір таласын тудыра қоймас.

                  Қос сөздің екінші сыңары-«саяқтың» түркі тілдерінің өздеріне тән екендігін

                  хакасша-«сайах», телеуіттерше «сайақ», алтайша-«сайа» сөздері айқындай
                  түседі. Осы тұлғалардың бәрінің беретін мағынасы-«сирек» сөзі.
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32