Page 28 - Қос сөздердің құпиясы
P. 28

Осы деректер «некен-саяқ» қос сөзінің өзімізге түсініктірек мағынасы-

                  «жалғыз-сирек» екендігін білдіреді. Шындығына келгенде «некен-саяқ»
                  тіркесі, «бірен-саран» қос сөзінің баламасы.




                  Дел-сал. Мұның мағынасы- мең-зеңдікті, көңілсіздікті білдіреді. «Кеш дел-
                  сал болған  ұйқыдан оянғандай елең етіп, ілгері қарай жеделдете басты» (Н.

                  Баяндин «Құм асты».).

                         Қос сөздің қай сыыңары болсада тілімізде дербес тұрып қолданбайды.
                  Кейбір түркі тілдерінде осы қос сөз жеке тұрып та мағына беретін кездері

                  бар. Ноғай тілінде: «сел»-тынық, ақырын, жай, якутша: «эл-лээл»-бейқам,
                  салақ мағыналарында кездеседі. Тувалардың «Салгаа» сөзі де бейқам, салақ
                  ұғымын береді. Осы сөздердің түбірі қазақ тілінде қос сөз құрастыра отырып,

                  түпкі мағыналарын жоғалтпай сақтаған. Мұнан «дел-сал» қос сөзінің әр
                  сыңары «ақырын, бейқам, салақ» мағыналарын білдіріп тұрғанын көреміз.




                  Ләм-мим. Жұмған аузын ашпады, үндемеді деген сөздер орнына
                  қолданылады. Мысалы: «Күнбала көпке дейін ләм-мим демей, ат үстінде

                  томсарумен келеді» (С. Омаров «Қызыл»).

                         Қос сөздің түп төркіні түркі немесе соған ұқса тілдерден іздеп

                  әуреленудің қажеті жоқ. Өйткені бұлар араб тілінде қатар келетін екі
                  дыбыстық есімдер: олардың бірі-«л»-«ләәм», екіншісі-«м»-«миим» болып
                  келеді.


                         Осы дыбыстық тіркестер дәл біздегідей қырғыз тілінен де орын алып,
                  «ылам-мим дебей» (бізше «демей») сөз тіркесі болып қалыптасқан.


                         Араб тілінде 29 дыбыс таңбасы бар. Олардың бәрі бірімен бірі іргелес
                  тұрады. Солардың ішінде «л» мен «м» дыбыстарының мағына иеленіп, біздің
                  сөздік қорымызда орын алуының себебі неде? Осыған өз тарапымыздан

                  жауап іздестіре келгенде, мынандай болжамға келдік. Араб тілінің басқа
                  дыбыстарына қарағанда «л» мен «м» жеке қолданғанның өзінде белгілі бір
                  мағынаға ие болады және ол біздің тіліміздегі «сөйлемеу, үндемеу»

                  мағынасымен ұштасып жатады. Арабша: «лә»-емес, жоқ: «мә»-не? дегенді
                  білдіреді. Егер «ләм-мим демейді» деген тіркесті осыған сәкес келтірер
                  болсақ «жоқ та демейді», не деп те сұрамайды деген мағыналарға сәйкес

                  келеді.
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32