Page 27 - Международный научно-методический сборник "Учитель Казахстана"
P. 27
«Қазақстан ұстазы» «Учитель Казахстана» 2020
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге та-
лаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулық-
пен өткізейік.
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»
(Оқушыларды тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісуге шақыру.)
- Қандай күйде болдыңыздар?
- Жаттығу қалай әсер етті?
Қорытынды:
- Олай болса, балалар, біз әрқашан бір-бірімізге риясыз сүйіспеншілікпен
тілектер тілеп, жан дүниеміз нұрлана түссін.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
№18 сабақ «Ағаның хаты»Әбді Шынбатыров әңгімесін оқып, сұрақтар арқылы
талқылау.
Сұрақтар:
Әбеннің Нұрилаға хат жазуының себебі неде?Әбен Нұрилаға қандай ақыл
айтты?
Аға ақылынан қандай үлгі алуға болады?
Өзің іні-қарындстарына қандай ақыл-кеңес айтып жүрсің? Сіз қандай аға-
сыз ?
Дәйексөз. Дәйексөз
«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің»
Халық мақалы
Дәйексөздің мағынасын ашу
Түйін: Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйлас-
тық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре ,
түсіне білгенде отбасы берік болады. Мұғалім.
Отбасы - адам тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата – ана. «Балапан ұяда
не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата – бабамыздан қалған асыл сөздің сырына
үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата – анаға баладан жақын
ешкім жоқ, сондықтан қай ата – ана болсын баласының білімді,әдепті болуын ар-
мандайды.
Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы « Отбасы татулығы» аңыз әңгіме Әңгімелеу
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті.Отбасындағы адамдар саны өте көп Сұрақ-жауап
екен,бір қауым ел болып,бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен,отбасының өзара
келісімде,татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады.Оларда ұрыс-керіс,дау-жан-
жал деген атымен болмайды екен.Бұл отбасы жайлы патшаның құлағынада же-
теді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді.Ауылда тап-
таза,барлығы да жеткілікті,тыныштық пен береке қонған.Патшаның көңілі то-
лып,ерекше бір шаттыққа бөленеді.Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қа-
риялардың орны төрде,уайым-қайғысыз,балалары бақытты,мәз-мейрам екен.Бұ-
ған патша таң-тамаша болды.Отбасының қалайша бақытты,тату-тәтті өмір сүруі-
нің мәнісін білгісі келді.Ол ауыл ақсақалына келіп,отбасындағы татулық пен бір-
лікке қалай жеткендерін айтуын өтінді.Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік»,
жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып берді.Үш сөзді
оқып патша таң қалып осы –ақ па?
-Иә деді ақсақал.Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,-деді
де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.
1.Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырды?
2.Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
3.Отбасының татулығын ұстап тұрған ұстап тұрған нендей қасиеттер
екен?
4.Сіздер өздерінің сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіріп жүрсіңдер?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс Топтық жұмыс
Жүректер арқылы сыныпты 4-топқа бөлу
27