Page 35 - Оку сауаттылығы 9 сынып
P. 35
Е) басқа да процестерді қамтамасыз етуге
Ж) барлық жауаптар дұрыс
2- тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Жоғары дене еңбегімен айналысатындар үшін еңбек шығыны
күніне қанша Ккал құрайды және осы еңбек шығынының
мөлшерін толтыру үшін кестеге қарай отырып бір күндік мәзірін
құрып көріңіз.
3- тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Мақала соңындағы мына бір сөйлемге қараңызшы. Ол мұнда екі
бөліммен көрсетілген:
Тәулік бойындағы тағамдық рационның жалпы бірінші
калорияғы былайша бөліну қажет: бөлім
таңертеңгі ас 25%, түскі ас 35%, бесінді ас 15%, екінші
кешкі ас 25%-ды құруы қажет. бөлім
Сөйлемнің бірінші және екінші бөлігінің арасында
арақатынастық қандай?
Екінші бөлім ...
A. бірінші бөлімге қайшы келеді.
B. бірінші бөлімді қайталайды.
C. бірінші бөлімде сипатталған мәселені ашып , нақтылайды.
Д. бірінші бөлімде сипатталған проблеманың себебін түсіндіреді.
4- тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Кестеге зер салсаңыз, ет, сүт өнімдерімен салыстырғанда, жеміс-
жидек пен көкөністердің Ккал аз екенін байқауға болады. Бірақ
адам организміне қажетті дәрумендер барлық тағамның
құрамында да кездеседі. Қалай ойлайсыз, адамдар дене
сұлулығын сақтау үшін күні бойы тек жеміс-жидек, көкөністермен
тамақтанса дұрыс бола ма? Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
37