Page 38 - Оку сауаттылығы 9 сынып
P. 38
4- тапсырма. ЕКІ ДОС
Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр қандай
әрекет жасайды?
5- тапсырма. ЕКІ ДОС
Мәтіннің тақырыбына сәйкес келетін мақалды табыңыздар.
А. Досы көпті жау алмайды.
В. Ағаш тамырымен мықты, Адам досымен мықты.
С. Доссыз өмір – тұзсыз ас.
Д. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
Е. Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды.
6- тапсырма. ЕКІ ДОС
«Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан»
мақалын қалай түсінесің? Мақал мазмұнының мәтінге байланысы
бар ма?
18-МӘТІН. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Ол туралы
алғашқы деректер араб жазбаларында ІV-ІХ ғғ. бастап Шавғар
деген атпен кездесе бастайды. Қала ХІ ғасырдан бастап Ясы
аталған. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан.
Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.
ХV ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және
экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата
қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи
кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі. Қазақстан мен
Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге,
Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған.
Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі
білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш
ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары
40