Page 36 - Оку сауаттылығы 9 сынып
P. 36
5- тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Дене салмағы қалыпты, дені сау адам әр сағатта дене
салмағының әр килограмына 1Ккал энергия жұмсайтыны ғылыми
тұрғыда дәлелденген. Ал, механикаландырылған немесе ауыр дене
еңбегімен айналысатын адамға энергияға деген қажеттілік одан 2-
2,5 есе көп. Мұның себебін қалай түсіндірер едіңіз?
6- тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Тағамдар құндылығы кестесінде ұн тағамдары туралы мәлімет
неге көрсетілмеген? Ұн тағамдарының дәрумендік қасиеті жоқ
деп ойлайсың ба? Неге?
17- МӘТІН. ЕКІ ДОС
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың
екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты.
Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап,
мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп
қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен
өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау
әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қол басына
апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қол басына:
- Мен қолдарына түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып
алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым - мүлкім жоқ.
Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар,
38