Page 37 - Оку сауаттылығы 9 сынып
P. 37
ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай - ақ қояйын. Маған
сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді
ойып аламын.
Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын
салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар
халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса,
бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады» деп түйеді. Сөйтіп өз
әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
1- тапсырма. ЕКІ ДОС
Мәтінде суреттелген оқиға қай кезде болды?
А. Жаз айларында
В. Күздің қара суығында
С. Қыстың ызғарлы күнінде
Д. Көктемнің мамыражай күндерінің бірінде
Е. Күзгі уақыттарда
2- тапсырма. ЕКІ ДОС
Тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып келе жатқан
зағип досының қуануына не себеп болды?
3- тапсырма. ЕКІ ДОС
Мәтіннің соңғы азатжолына сәйкес келетін мақалды
табыңыздар.
А. Ат жақсысын мақта, Адам жақсысын жақта.
В. Кісіні кейде таршылық сынайды, Кейде баршылық сынайды.
С. Жұмсақ ағаш құртқа жем, Жұмсақ адам жұртқа жем.
Д. Бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды.
Е. Жақсы сыйлағанның құлы, Жаман қорыққанның құлы.
39