Page 39 - Оку сауаттылығы 9 сынып
P. 39
үлкен орын алады. Олардың қатарына Ахмет Ясауи бастап, оның
шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Йүгінеки, Жүсіп
Баласағұнилар жатады.
Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек
батыр қала. Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта
Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен
хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр
бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан
біздің ғасырға жеткені де – осы қала.
1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті
Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер
алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барады. Бұл кесене –
сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және
сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар.
Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп
аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет
Ясауи атымен әлемге әйгілі болды. Қасиетті Түркістанды «Екінші
Мекке» деп атаған.
(https: //kk.m.wikipedia.org›wiki›)
1- тапсырма. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Түркістанды қазақ хандығының орталығы болды деп қандай
дәлелдерге сүйеніп айтады?
А) Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеп
отырғандықтан.
В) «Екінші Мекке» деп атаған соң.
С) Түркістанға алғаш темір жол келгендіктен.
Д) Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия
мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен
хандықтардың жаугершілігін көрген қала болған соң.
Е) А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленгені
үшін.
2- тапсырма. ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз және көтерілген мәселеге
қатысты баға беріңіз.
41