Page 10 - Теория кавитации
P. 10

1. КӨПЕ-КӨРНЕУ ТЫЛСЫМ ТҮБЕГЕЙЛІ КҮШ – КӨПІРШІК-АТУ
                        (Бұл баптағы материал алынған жариялық сілтемелер: [1]-[20])

                                                                                         Ағылшындық аяулы ғалым
                                                                                        Стивен Хокингті еске алу!

                        1.1 Стивен Хокингті еске ала отырып, ой толғайық

                        Алғысөз. Стивен Хокингтің еңбектерін оқи отырып және де өзімнің көптен
                  бергі айналысып жүрген ғылыми ізденістерімді қорыта келе, осы еңбекті жаздым.

                        Кіріспе. Термодинамиканы Ғалам құпияларын зерттеуге араластыра отырып,
                  С. Хокинг бұрыннан белгілі, айтылып жүрген тұжырымды қайталайды: табиғатта
                  түбегейлі  деп  саналатын  гравитациялық,  электрлік,  магниттік  (ол  өз  еңбегінде
                  электромагнетизм деп қосып атаған) және әлсіз һәм күшті ядролық күштер бар.
                  Яғни, ол осы бес күштен басқа күштердің болмайтынын тағы бір мәрте дәйектей
                  түскендей сыңай білдіріп, куәландырғандай еді [1]-[3].
                        Мен айтар едім: термодинамика осы жерге араластырылған екен, олай болса
                  тағы  да  бір  күштің  бар  болатынын  және  де  ол  күш  тікелей  термодинамика
                  тұрғысынан  туындап,  өзінің  үлесін  қисапсыз  мол  жағдайларда  паш  етіп
                  жүргендігін айтпасқа болмас.
                        Біздің  қазақта  айтады:  «Көрмес  –  түйені  де  көрмес!»  –  деп.  Соның  кебін
                  жалғыз С. Хокинг ғана емес, барша физиктер киген сыңайлы...
                        Жақында (20.02.2018) өзімнің қызмет істеп жүрген Л.Н. Гумилев атындағы
                  ЕҰУ физиктерінің алдында семинар өткізіп: "Көпіршік-ату – табиғаттағы еркін
                  энергия  көзі  һәм  инновациялық  технологиялар  қайнары"  –  деген  тақырыпты
                  талқыға салған едім.
                        Сонда байқағаным: олардың ойынша, біздің осы көпіршік-ату құбылысына
                  байланысты  авторлық  куәландырылған  ғылыми  жаңалығымыз  –  ешқандай
                  жаңалық емес, оны әр физик біледі-міс – дегендей лаж айтқандарын қайтерсіз!..
                        Ал солай-ақ болсын делік, онда жоғарыдағы табиғи күштерге байланысты
                  ғылыми  әфсана  –  миф  болуға  айналған  тұжырым  туралы  не  демекпіз?!
                  Эйнштейннің  өзінің  оңай  беріспес  ғылыми  оппоненті  болған  Нильс
                  Борға  қазақшалап айтқанда: "Құдай асық ойнамайды!" – деп, жабулы қазан сол
                  жабулы  күйінде  қоя  саламыз  ба?  Ендігіде  бұлай  бола  қоймас!  Кезінде  ой-
                  топшылау         тәжірибелерімен-ақ          талай      мүйіздері       қарағайдай        ғылым
                  майталмандарының  жолын  кесіп,  өзінің  дегеніне  жетіп,  жарықтың  дуализмін
                  орнықтырып,  фотоэффект  құбылысын  ашып, Ньютон  нақтылаған  әлемнің

                  механикалық         бейнесін       (ӘМБ)       түбегейлі       өзгертіп,      бүкіл     әлемнің
                  салыстырмалылық  бейнеде  (ӘСБ)  болатынын  дәлелдеп,  соған  бар  өмірін  сарп
                  еткеніне  адамзат  бір  ғасыр  бойы  куәгер  болды  емес  пе.  Сөйтіп,  ғылыми
                  революцияның көкесін көрсетті ғой.

                                                                  9
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15