Page 11 - Теория кавитации
P. 11
Эйнштейнге тәнті болғанын С. Хокинг де жасырмайды, өзін мектеп
құрбыларының "біздің Эйнштейн" деп мадақтағандарына мәз болыпты.
Белгілі кеңес заманының академигі В.И. Вернадский тұжырымдағанындай:
"Табиғатта өз-өзінен қалпына келіп отыратын термодинамиканың Екінші
бастуына сай энтропияның екпінді өсуіне қарсы тұра алатын бір ғана еркін күш
бар – ол табиғи радиация" – деген екен.
Мінеки, біздің авторлық куәландырылған ғылыми жаңалығымыздың басты
мән-мағынасы да осы сарындас: "Табиғатта радиацияға ұқсас энтропияның
қисапсыз өсуіне тосқауыл болатын тағы бір еркін күш бар – ол көпіршік-ату –
кавитация" (№ 2296: 10.10.2017. ИС 009992: авторлары: ӘУБӘКІР Дәуренбек
Әзенұлы, ӘЗЕН Ерабылай Дәуренбекұлы, Аубакиров Кенжебек Азенович).
Сондықтан да, жоғарыдағы С. Хокинг тағы бір қайталаған табиғаттағы бес
күштің құрамына осы «көпіршік-ату күшін» де қосу керек – деген ойдамын.
Әлбетте, бұл күштерден басқа жасанды күштердің көптеген түрлері
болатыны механика мен динамикадан, астрофизика мен кванттық физикадан,
синергетика мен кибернетикадан, бионика мен робот-техникадан, тіптен
қоғамдық һәм гуманитарлық ғылымдардан белгілі.
Көпіршік-ату күші (КАК) бұл жасандылардың ешқайсысына жатпайды,
дегенмен де, заманауи технологияларда кең қолданыс таба бастаған күштердің
қатарынан саналады [9]. Бұл жағынан көпіршік-ату күші басқа бес табиғи күштің
ешбіріне дес бермейді. Десек тағы, КАК мынадай сипаттарымен ерекшеленеді:
- КАК реактивті күш, негізінен ортасына әсер етеді; басқа күштермен бірігіп,
активті бола алады, яки қашықтан әсер етуге қауқарлы қалыпқа көше алады;
- КАК әлділігі қысымның өсуімен һәм көлемнің кішіреюімен арта түседі;
- КАК артқан сайын сол ортадағы температура өсе бастайды да,
айналасындағы заттың фазалық өзгеріске ұшырауына апарып соғуы да ықтимал;
- КАК белгілі жағдайда дыбыс шығарады, жарық та шығаруы ықтимал;
- КАК әлділігі аса артқан жағдайда табиғи немесе жасанды химиялық
элементтерді транс мутацияға ұшыратуы әбден мүмкін;
- КАК белгілі бір жағдайларда тірі жасушаларды құртуы немесе, керісінше,
аса белсенділік күйге көшіруі, тіптен мутацияға ұрындыруы әбден мүмкін.
Ең негізгі ерекшелігі сол, басқа бес табиғи күштің әрқайсы өз-өзіне тиесілі
арысы элементарлық бөлшектен, берісі ядролық микро-нуклондық деңгейде
туындап, бара-бара макро деңгейге әсерін паш етсе, КАК негізінен молекулярлық
микро деңгейде туындап, макро деңгейге де тарап, әсерін айқындайды. Дегенмен
де, ионизацияланған, жартылай ионизацияланған немесе конденсацияланған
орталарда жоғарыда айтылған микро-нуклондық деңгейде де туындауы әбден
мүмкін. Мұндағы негізгі талап – көпіршік түріндегі құрылымдардың пайда болып,
солардың қысымның әсерінен жарылулары: олар кез келген сұйық немесе газ,
солардың аралас орталарында түзіле алмақ, мысалға, плазма ол үшін нағыз
қолайлы орта. Осыларға соңғы кездері пайда болған: «кванттық атмосфера»,
«топологиялық изолятор» мен «топологиялық фаза», «Казимир ерен құбылысы»
10