Page 15 - Теория кавитации
P. 15

құбылыстың  жай  ғана  қатардағы  құбылыс  емес,  табиғи  радиацияға  ұқсас
                  энтропияның ықтиярсыз (Клаузиус пен Больцманның термодинамикадағы Екінші
                  бастаулар заңына сүйеніп) қауіпті өсуіне қарсы тұруға қауқарлы күш пен энергия
                  туындататын,  яғни  еркін  энергия  көзі  бола  алатын  ерен  құбылыс  екендігін
                  дәлелдедік [14].
                        Сонымен  қоса,  көпіршік-атудың  табиғат  ортасында  оқтын-оқтын  болып
                  отыратын торнадо мен дүлей құйын, цунами мен циклон, найзағай жарқылдауы
                  мен  күн  күркіреуі,  жанартау  атқылауы  мен  жұлдыздардағы  жойқын
                  жарылыстардың  салдарларында  орын  алып,  солардағы  басты  себепкер
                  болатындығына көзіміз жетіп отыр [14].
                        Тіптен, молекулалық, атом-нуклондық деңгейде де көрініс тауып, сондағы
                  тынбастан  жүріп  жататын  микродеңгейлік  құбылыс  атаулыда  да  өзіндік  орын
                  алатындығына  әзірше  ғылыми  гипотеза  түрінде  академиялық  қауымды
                  куәландыруға бет бұрдық. Ол үшін “кавитион” деген элементарлық бөлшектерге
                  ұқсас ұғым – неологизм енгізіп [15], [16], электрлік һәм магниттік құбылыстарды
                  осы ұғымға сүйеніп, зерттеуге көштік [12], [13].
                        Электр  құбылысын  қарастырайық:  электрдің  пайда  болуы  мен  ары  қарай
                  әрекет  етуі  электромагниттік  өрістер  заңдылықтарымен  зерттеледі  және
                  бейнеленеді, ал оны туындататын электрон еркін күйге түсіп, электр өткізгіш зат
                  бойымен  қозғала  бастайды  да, ЭҚК  –  электр  қозғауыш күшін  туындатады. Ал
                  электронның еркін күйге түсуі белгілі бір қысымның арқасында болады, демек
                  бұл үдеріс кавитация – көпіршік-ату болмағанда не болады. Оның тағы бір дәлелі
                  бұл  құбылыстың  дыбыс  шығаратындығы.  Бұл  жерде  де  электрон  өзінің
                  кавитионның  бір  түрі  екенін  тағы  бір  паш  етіп  тұрғандай!  Ең  қызығы:  электр
                  қозғауыш күшінің туындауы жоғары жиілікті тербелісті еске түсіретін көпіршік-
                  ату болатындығы ғажап емес пе! Өйткені, бұл жағдай ядро-нуклондық деңгейдегі

                  көпіршік-ату  құбылысын  зерттеуді  әлдеқайда  жеңілдетпек,  шындығында  ci1
                  кавитионы электронның бұл жағдайда нақ өзі болады да, сол электрон үшін сонау
                  Милеттiк Фалестен (ол ғұламаның бұл ұғымды енгізгенде негізге алғаны янтарь –
                  кәріптас минералы болған екен, өйткені кәріптас таяқшасын терінің жүн жағына
                  үйкегенде  пайда  болатын  жарқ-жұрқ  еткен  құбылысты  «электрон»  деп  атаған
                  екен)  бастау  алып,  қалыптасқан,  жасалған  ілімдер  мен  теориялар  негізінен
                  сақталады,  ал  өзгеретіні  –  терминологиялық  алып-қосарлар  болмақ.  Әлбетте,
                  электронды  түсінуде,  біліп-білмеуде  осы  күнге  дейін  орын  алып  келген
                  түсінбеушіліктер, “ақтаңдақтар” толығымен оңай шешіле салады деуге болмас,
                  дегенмен де, бұл мәселеде “алға жылжулар” болатынына да сендіре аламыз. Сонау
                  Батыс  Ренессансы  уақытынан  бері  тыңғылықты  зерттеліп  келе  жатқан
                  электронмен байланысты құбылыстар да, электрон ұғымының табиғаты да бүгінге
                  дейін  толықтай  түсінілді  деп,  ашылмаған  сырлары  жоқ  деп  –  айта  алмаймыз.
                  Мысалға, бүгінгі күнге шекті неліктен электрон-позитрон болып жұптасады, яки
                  қарама-қарсы  “зарядтар”  деген  ұғым  неден  туындайды,  электрлік-магниттік
                  болып өрістік жұптасуы да, электрон спині дегеннің не екені де, электрон қалай
                                                                  14
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20