Page 18 - Теория кавитации
P. 18

барлық құпияларын ашып болдық – дей алмаймыз, дегенмен де, бұл құбылыстың
                  жай  ғана  қатардағы  құбылыс  емес,  табиғи  радиацияға  ұқсас  энтропияның
                  ықтиярсыз  (Клаузиус  пен  Больцманның  термодинамикадағы  Екінші  бастаулар
                  заңына  сүйеніп)  қауіпті  өсуіне  қарсы  тұруға  қауқарлы  күш  пен  энергия
                  туындататын,  яғни  еркін  энергия  қаузай  алатын  ерен  құбылыс  екендігін
                  дәлелдедік [14]. Сонымен қоса, көпіршік-атудың табиғат ортасында оқтын-оқтын
                  болып  отыратын  торнадо  мен  дүлей  құйын,  цунами  мен  циклон,  найзағай
                  жарқылдауы мен күн күркіреуі, жанартау атқылауы мен жұлдыздардағы жойқын
                  жарылыстардың  салдарларында  орын  алып,  басты  себепкер  болатындығына
                  көзіміз  жетіп  отыр.  Тіптен,  молекулалық,  атом-нуклондық  деңгейде  де  көрініс
                  тауып,  сондағы  тынбастан  жүріп  жататын  микроқұбылыс  атаулыда  да  өзіндік
                  орын алатындығына әзірше болжам түрінде академиялық қауымды куәландыруға
                  бет бұрдық. Ол үшін “кавитион” деген элементарлық бөлшектерге ұқсас ұғым – 4
                  түрлі – типтес неологизм енгізіп, оларды ci1, ci2, ci3 және ci4 белгілеп, ең алдымен
                  электрлік һәм магниттік құбылыстарды зерттеуге көштік [15]-[16].

                        Ескерту:  Осы  күнге  шейін  жоғарыдағы  электронмен  байланысты
                  құбылыстар басқаша – көпіршік-атуды араластырмай түсіндіріліп келгені белгілі.
                  Дегенмен де, біздің ұсынып отырған нобай – қыйсынды һәм табиғилығымен ерек.
                        Енді  әңгімеміздің  төркінін  магнетизм  құбылысына  қарай  бұрайық.  Бұл
                  құбылысты Пьер де Марикур (1269 ж.: «Письмо о магните»), Уильям Гилберт
                  (1600 ж.: «О магните, магнитных телах и большом магните – Земле»), Отто фон
                  Герике,  Эрстед  Ханс  Кристиан  (1813,  1820  ж.ж.),  Андре-Мари  Ампер,  Мария
                  Складовская-Кюри [16], Шарль-Огюстен Кулон (1785 ж.), Майкл Фарадей (1821-
                  1831,  1864  ж.ж.),  Джеймс  Максвелл  (1873  ж.:  «Трактат  об  электричестве  и
                  магнетизме»), Био и Савар, Ом, Ленц, Гаусс, Джоуль, Томсон, Никола Тесла және

                  басқа  да  физиктер  арғысы  жеті  ғасыр,  бергісі  екі-үш  ғасыр  бойы  тыңғылықты
                  зерттегенмен  [18],  ол  өз  сырын  ашқызбай  келеді  десек,  шындықтан  онша
                  алшақтамаймыз.












                  Бүгінгі  күнге  дейін  магниттік  қасиеттің  себепшісі  “монополь”,  яғни  электрлік
                  қасиетті тудыратын электрондай элементарлық бөлшек бар ма, жоқ па деген сұрақ
                  ашық күйінде қалып отыр. Ғалымдардың біразы ондай бөлшек “бар!” деген нық
                  сеніммен  теориялық  түрде  айтқандарымен,  ғылыми  жолмен  дәлелдемек
                  болғандарымен, арнайы  ұйымдастырылған санғилы тәжірибелердің ешқайсысы

                                                                  17
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23