Page 21 - Теория кавитации
P. 21
қайталанып, солар беткі қабатқа дейін, тіптен одан да шығып, мыңдаған
километрлерге Күн материясын шашыратып отыратынын еш қалт жіберместен
Жер бетіндегі абсерваториялар мен аспанда ұшып жүрген зерттеуші ЖЖС
бақылауда. Содан, калыпты жағдайда 6 мың градус Цельсия шамасында (дәлірек
айтсақ: 5 726) болатын Күн беті температурасы миллион градусқа жетіп, ал Күн
коронасы – тәжінің температурасы 1 700 мың градус Цельсия шамасынан асып,
тіптен 29 000 мың градус Цельсия шамасына жақындайтын көрінеді. Ал мұндай
температураны плазмадағы көпіршік-ату құбылысынсыз түсіндіру мүлде мүмкін
емес екендігін біздер қазір жақсы білеміз. Тіптен, Күн ядросында жоқ температура
одан жырақта қалай пайда болады – бүгінге шекті соның көзін, нақ себебін ашып
айтып берген ғалым да, маман да табылмағаны жасырын емес. Сөйтсек, оның көзі
де, себебі де көпе-көрнеу тылсым күш пен энергия туындатушы көпіршік-ату
құбылысы екендігі ешкімді де ендігіде бей-жай қалдырмас – деген ойдамыз.
Ескерту. Төменгі библиографиядағы мына жарияланымдар неологизмді
қамтиды [15], [16]: “caviton” мен “кавитон”, бұл екеуі бір ұғым бола түрып, бір
ғана сөзден “cavitation” мен “кавитация” құрастырылған болатын. Біз – авторлар
бұл неологизмді басқаша екі сөзден құрастыруға шешім қабылдадық: “cavition”
мен “кавитион” – деп, яғни “CAVITation” мен “IONization” немесе “КАВИТация”
мен “ИОНизация”, өйткені белгілі бір жағдай туа қалғанда, кавитация – көпіршік-
ату ионизациялану құбылысымен қабысып, кавитионды туындатады. Оған әлі
бірнеше рет оқушы қауымның көзі жететін болады.
ОҚУШЫЛАР МЕН ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҢ СҰРАҚТАРЫ:
1-СҰРАҚ: Ауада көпіршіктер пайда болғанда – Жозеф Ранктың алғашқы
опыттарында, олар қалай құрылған: әр көпіршік немен қоршалады және оның
ішінде не – қандай зат болады? Бұл өзі: - 1-ден, физикалық; - 2-ден, химиялық; -
3-ден, газодинамикалық (әсіресе құйындату жағдайын ескерсек!); - 4-ден,
аэродинамикалық сұрақ (әсіресе құйындату жағдайын ескерсек!); - 5-ден, электро-
, магнитодинамикалық сұрақ!
1-СҰРАҚҚА ЖАУАП:
Бірден бұл сұраққа жауап беру оңай емес, өйткені байқап отырғанымыздай,
бұған нақты жауап беру үшін жан-жақты маман болу қажет және де тәжірибелерге
сүйену де артықтық қылмасы анық. Бірақ-та дәл осылай мәселені қойып,
тәжірибелер жүргізілген мысалдар табылмай отыр. Өзімнің ойымды айтатын
болсам: 1-ші болжам – көпіршіктердің қабыршағы ауаның өзінен не ең көп заттар
азот және оттегі молекулаларының араласуымен қалыптасады; осы арада біз
тұрақсыз азот қышқылтымы – азот оксиды I, II түрлерінің N2O, NO (оксид азота(I)
и оксид азота(II)) пайда болып, солардың көпіршіктердің қабыршағы рөлін
атқаруларын да жоққа шығармаймыз, дегенмен де, бұл жағдай тәжірибелер жасау
арқылы нақтылауды қажетсінетінін де мойындаймыз; ауа компоненттері –
20