Page 25 - Теория кавитации
P. 25
3. Болатжан Дыбыспаев, п.ғ.к., «Зерде» мектебі математика пәні мұғалімі;
4. Бауыржан Қапсалямов, техника ғ.д., ЕҰУ ЖҒФ Экология кафедрасының
профессоры;
5. Оқас ҚҰРМАНҰЛЫ, ф.-м.ғ.к., ЕҰУ ФТФ Техникалық физика
кафедрасының доценті;
6. Арыстан Сарсенов, техника ғ.д., ЕҰУ ФТФ Ядролық физика, жаңа
материалдар мен технологиялар кафедрасының профессоры;
7. Өткір Қабылбекова, техника ғ.к., ЕҰУ ФТФ РЭТ кафедрасының
профессоры;
8. Хуралай МОЛДАМҰРАТ, техника ғ.к., ЕҰУ ФТФ ҒТжТ кафедрасының
доценті;
9. Самат Каримов, техника ғ.к., ЕҰУ ФТФ ҒТжТ кафедрасының доценті;
10. Ерболат Абсеитов, ЕҰУ ЖЭФ Стандартизация және сертификация – СжС
кефедрасының доценті;
11. Асхат Қоңырбаев, ЕҰУ ФТФ РЭТ-47 тобының диплом қорғаушы
студенті;
12. Елдос Асанбаев, ЕҰУ ФТФ РЭТ-47 тобының диплом қорғаушы студенті;
13. Жадыра Дәулетхан, РЭТ-37 тобының студенті;
14. Бекжан Берікжанов, ЕҰУ ФТФ РЭТ-37 тобының студенті (семинарда
ассистент болды);
Баяндама тыңдаушылардың зор қызығушылығын тудырып, көптеген
сұрақтар қойылып, соңы пікір алмасуға ұласты.
2.2 Сұрақтар көктемгі жаңбырша көл-көсір төпеледі...
1) Өткен семинарда «кавитон» деп едіңіз, енді оның орнына «кавитион» деген
термин естіп отырмыз, неліктен? (Жасұзақ МҰҚАН). Жауап: Иә, мен «кавитация»
сөзінен 1-семинарда «кавитон» неологизмін енгізген едік, бірақ ол сөз көптен бері
қолданыста бар болып шықты (Интернетті қараңыз!), сондықтан «CAVITation»
және «IONization» деген екі сөздің басын қосып, жаңаша термин енгіздім және де
осы сөз ci1, ci2, ci3 һәм ci4 неологизмдерінің «кавитион» деген сөз мән-мағынасын
дұрысырақ және толығырақ береді деген ойдамыз [21].
2) Математикалық тұрғыдан «кавитион», «кавитация» – көпіршік-ату қалай
өрнектелер екен, қандай теңдеулер, функциялар қажет? (Болатжан Дыбыспаев)
3) Кәдімгі көпіршіктерді күнделікті көріп жүрміз, ал көзге көрінбейтін
микро-көпіршіктердің – кавитиондардың нуклондық, атомдық деңгейде бар
болатынына қалай иланамыз, сонан соң энергияның сақталу заңы қалай ескеріледі
бұл айтылған үдерістік түрленулерде? (Нұрмұханбет Ермеков)
4) Судың ортасында пайда болатын көпіршіктердің кавитация туындатуын
түсінуге болады, ал ауадағы көпіршіктер қалай қалыптасады, олардың
қабыршағы, ішкі дүниесі неден құралады? Осы зерттеулер нәтижесі байланыста,
телекоммуникацияда жаратуға лайық сияқты, не істемексіз? (Өткір Қабылбекова)
24