Page 30 - Теория кавитации
P. 30
естімейтін диапазонда қалыптастырады (ЭМ құбылысында олардың бар екенін біз
өте жақсы білеміз!). Яғни, жарық квантын шығаруда кавитионның бұл екі түрі бір-
біріне ұқсамайды, ал дыбыс шығаруда бұл екеуі бір-біріне ұқсайды. Физикада
фотон мен электрон екеуі де ЭБ болып есептелгенмен, фотон – корпускул, ал ЭМҚ
туындататын еркін электрон – толқын ретінде есептеліп, қарастырылады.
Тиісінше, электрон қозғалатын өткізгіштің айналасында ЭМ өріс пайда болады да,
ол мұқиат зерттеледі, ал жарық шығарып қозғалып келе жатқан фотонның
айналасында өріс қалыптасады деп, зерттелгенін кездестірмедік. Мінеки, осындай
кереғарлықтан келіп, жарық пен электрлік екі құбылысын да ЭМ деп есептеу
дұрыс болар ма екен(?) – деген заңды сұрақ туындайды. Егер осы күнге шекті
физиканың тұжырымдағанындай болса, адамзат электрлік пен ЭМ құбылысты
Күн-Құдай сыйлаған жарықтан керегінше ала бермес пе еді, бір-бір жарым
ғасырдай уақыт сарсаңға салынып, электрлікті іздеп, жүздеген тәжірибелер жасап,
несі бар еді!?
Біздің айтпағымыз – түсінікті: ci1 f пен ci1 e екеуі де кавитион, бірақ әрқайсы
өзінше бар болады, өзіндік атрибуттарымен ерекшеленеді, физиканың әзірге еш
саласы оларды толықтай сипаттай алмайды, өйткені осы күнге дейін біз құйттап
отырған кавитация – көпіршік-ату табиғаттың түбегейлі құбылысы, ал көпіршік-
ату күші (КАК) табиғаттағы түбегейлі әсерлесу күштердің (ТӘК) –
гравитациялық, электрлік, магниттік, әлсіз және күшті ядролық – бесеуінің
қатарына қосылуға тиіс алтыншы күш болады деп, ал көпіршік-ату энергиясы
(КАЭ) табиғи радиациямен қатар еркін энергия рөлінде мойындалады деп – кім
ойлаған. Осы жерде айтпай кетуге болмайтын тағы бір ойдың шеті көрініп
тұрғандай: «қоршаған ортадағы радиация мен радиациялық энергия һәм күш
бүгінге шекті неліктен ТӘК қатарына қосылмаған?». Шынтуайтыне келсек, ТРФ
– табиғи радиациялық фон деген тұрақты сөзтіркес баяғыдан қалыптасқан,
табиғатты радиациясыз елестету мүмкін емес, ТРФ әлсіз және күшті ядролық
күштерге жатпайды, тіптен, тіршілік атаулы ТРФ болмаса, биосфера болып дами
алмас еді, бұны мамандар жақсы біледі: флора мен фаунада жасушалық деңгейде
зат алмасу ТРФ әсерінің тікелей араласуымен ғана жүреді екен. Әлбетте, ТРФ
әсері – күші мен энергиясы көзге көрінбейді екен – деп, осы күнге дейін ТӘК
қатарына енгізілмегені түсініксіз іс – демекпіз.
Сөйтіп, табиғи құбылыстарда орын алып жүрген 7 санының қасиеттілігін
ескере отырып (7 ноталық дыбыс бірліктері, 7 кемпірқосақтағы түс бірліктері), біз
ТӘК құрамын жетіге дейін ұлғайтуды ұсынамыз: «гравитациялық, электрлік,
магниттік, әлсіз, күшті ядролық, кавитациялық және радиациялық».
Осы арада В.И. Вернадскийдің айтқан тұжырымын еске алмай болмас:
«Табиғатта энтропияның қисапсыз ұлғаюына тосқауыл болатын бір ғана күш бар,
ол – өздігінен қалпына келіп отыратын табиғи радиация!». Сондықтан да, ТРФ
энергиясын Вернадский «еркін энергия» деп атаған. Біздің пайымдауымыз
бойынша, еркін энергия рөліне лайық тағы бір энергия көзі бар, ол – КАК, КАЭ!
29