Page 29 - Теория кавитации
P. 29
- Электротехникадағы Максвелл теңдеулері және олардың толқындық
түрдегі шешімдері – жай ғана ЭМ құбылыстың мүмкін нобайы, ал, ақиқатында,
бұл құбылмалы өте жоғарғы жиілікпен кезек-кезек қайталанып отыратын
көпіршік-атудың тербелмелі құбылысы. Біздің ойымызша, кванттық физикаға
негіз болып қаланған Шрёдингер теңдеулері микро әлемдегі электр-магниттік
құбылысты толқындық феномен ретінде зерттеуі де – тек жуық әдістемелік шара,
өйткені ШТ Ѱ толқындық функция түріндегі әр шешімі ЭМ құбылысты нақты
бейнелемейді, тек қана ǀѰ·Ѱ*ǀ модульдік шамасы ЭМ туындататын ЭБ белгілі бір
күйде болуының ықтималдығын өрнектейді, мұндағы Ѱ* – Ѱ үшін біріктіру
(свертка) функциясы болып табылады.
2.5 Ең алдымен – бірінші кезекте не істеуіміз керек (кезек – queue)?
Q1. Қалайша ci1 кавитионы әпсәтте – көз ілеспес жылдамдықпен үздіксіз
жарылып-толықсып отырады(?), осынау микро-әлемде – нуклондық деңгейде
емін-еркін қайталанып отыратын ерен құбылыстың механизмі – тетігі қандай
екенін анықтау және де ол кавитиондар көп болғанда – ЖЖ-ҚТҚ жаппай жүруін
көрсететін механизмін де;
Q2. Ақиқатында, кавитионның көпіршік ретінде қайта-қайта қалыптасып
толықсып отыруына арнайы алғы-жағдай – алғышарт қажет: орта – өріс, қозғалыс
бағыты мен қадамдық орын, энергия, уақыт кванты т.т.; кавитионның оқтын-
оқтын жарылып отыруына да өзіндік соңғы-жағдай керек: диэлектрик сынды орта
– өріс, қысым, күш, уақыт кванты т.т.; соңғы-жағдайда энергия кванты бөлінеді –
дыбыс, жарық һәм разряд; ci1 кавитионы құрамын қайта қарау керек болатын
сыңайлы;
Q3. Осы ЖЖ-ҚТҚ үздіксіз қайталанып жүруі үшін қажет энергия өздігінен
қайтымды түрде қалпына келіп отырады, яғни белгілі бір кедергі жағдай туындап,
тыйып тастамайынша, өзұйымдасқыштық түйткілінен еш айнымай осы энергия
көзі ci1 кавитиондарының ЖЖ-ҚТҚ өшпей, тынымсыз өте жоғарғы жиілікпен
қайталанып отыруын және өте зор жылдамдықпен (жарықтың c жылдамдығына
жуық!) таралуын қамтамасыз етеді, бұл кезекте ЖЖ-ҚТҚ кавитионға түрленген
еркін электрон және фотон үшін түсіндіру қажет болады; олай болса, біз электрон
мен фотонды салыстыра отырып, қарастыруға тиіспіз.
2.6 Ұлылар жолының ізімен – шалыс басудан ада етер...
Сонымен де, ci1 f – фотоннан түрленген кавитион, ci1 e – электроннан
түрленген кавитион болсын делік, осы екеуінің өзара бір-бірінен айырмашылығы
бар ма? Бар! Өйткені, ci1 f – біріншісі жарылғанда бірден жарық квантын
шығарады да, дыбысты адам құлағы естімейтін диапазонда қалыптастырады, ал
ci1 e – екіншісі жарылғанда жарықты бірден адам көзі көретіндей шығармайды,
бірақ адам көзі бірден көрмейтіндей етіп, ал дыбысты адам құлағы бірден
28