Page 27 - Теория кавитации
P. 27
технологияларда. Оқу құралы. Непризнанный фундаментальный феномен
кавитация в системах телекоммуникации, связи и в других современных
технологиях. Учебное пособие. Unrecognized fundamental phenomenon cavitation in
telecommunication systems and in other modern technologies. Tutorial» атты үш тілде
дайындалып жатқан еңбегінің жай-жапсары. Мамандардың көптеген
пайымдаулары мен жаңа, жаңармалы тәжірибелердегі бұрыннан қалыптасып
қалған постулаттардың жоққа шығарылуы және де бүгінгі күнге дейін ғылыми
негіздеулерін таппай келген көп құбылыс-ақтаңдақтар туралы авторлық болжам-
пайымдар мен өзіндік көзқарастар осы еңбекті жазуға мәжбүр етті.
Ортақ пәтуалы пікір: «Еңбектегі физикалық тұжырымдамаларды
математикалық аппаратпен нығайту қажет және де бастапқы кезеңінде айтылған
практикалық кавитион мен көпіршік-атудың қолданыстар ауқымын кеңейтіп,
заманауи байланыс технологияларына, телебайланыс жүйелеріне зерттеу
нәтижелерін кіріктіру керек, ол үшін олардың әлеуеті жетерліктей көрінеді!..».
2.4 Кейбір сұрақтарға жауаптар
Болатжан Дыбыспаевтан 2-1-сұрақ: «Кавитион» – корпускул да емес, толқын
да емес, «кавитация» – көпіршік-ату үдерісі құбылмалы – пульсациялық тектес
корпускулдық пен толқындық таралымдар үшін аралық үдеріс – Жоғарғы
жиілікті құбылмалы тербелмелі қозғалыс – ЖЖ-ҚТҚ (ВЧ-ПКД –
высокочастотное пульсирующее колебательное движение – high-frequency
pulsating oscillatory motion - HF-POM) деп білеміз. Сондықтан да, Максвелдің
электродинамикалық теңдеулер жүйесі оларды бейнелеп, зерттеуге жарамайтын
секілді. Мұнда басқаша математикалық аппарат құру керек болады... Өйткені
ЖЖ-ҚТҚ не тікелей толқын, не тікелей корпускул болып таралмайды, кезекпе-
кезек жарылып-толықсып, жарылып-толықсып – жарқ-жұрқ етіп отыратын ерен
құбылыстардың үздіксіз тізбегі екен.
Менің ойымша, Пуанкаренің (қайтымды) логистикалық әдісін қолданған
дұрыс болар және де фотон болсын, электрон болсын немесе басқа ЭБ болсын,
егер ол кавитионға айналып, қозғалыс туындататын болса, онда ол бір текті
теңдеумен өрнектеліп, тек нәтижелері сол қозғалыстың және де соның тууына
себепкер ЭБ параметрлеріне сәйкес әртүрлі сипат алмақ. Осы арада бірнеше жүре
пайда болатын сұрақтар да жоқ емес: i) кавитион бір бағытты қозғалатын
субстанция бола ма? ii) егер қарама-қарсы екі бығытты болса, олардың
айырмашылығы бола ма? iii) кавитион пайда болған жерде өткізгіштер бірнешеу
болып, тармақтанып кететіндей болса ше, сол қанша бағыт болса да ЭҚК
әрқайсысында туындап, кавитион барлық бағытпен зымырай ма, солай болса,
ЭҚК нәтижелік атрибуттары қандай болады? iv) ал, егер-әки өткізгіш жазықтай
жазылған материал болса ше, кавитион қалай қарай қозғалмақ және де ЭҚК
нәтижелік атрибуттары қандай болмақ? Тағысын тағы осы сарындас бүгінге шекті
электрлік құбылысты практикада пайдалану үдерістерінен туындайтын сұрақтар.
26