Page 22 - Теория кавитации
P. 22

газдарының басқа  қосылыстары  да бұл  ортада қалыптасуы  әбден  мүмкін;  2-ші
                  болжам – көпіршіктердің іші ауаның ең жеңіл молекулаларынан тұрады – сутегі,
                  неон,  көмірқышқыл  газ(?),  криптон(?),  метан(?),  аргон(?),  ксенон(?),  азот(?),
                  оттегі(?), бұндағы ең соңғы жеті элемент болмауы немесе өте аз мөлшерде болуы
                  да ықтимал, оларды қосып отырған себеп – алдыңғы екі элемент ауа құрамында
                  өте-мөте аз; қалай болғанда да, ауадағы ауа көпіршігі бар болуы үшін көпіршік
                  ішіндегі зат өте шапшаң және қым-қиғаш қозғалуы тиіс (броундық қозғалыс  –
                  БрҚ!),  сонда  ғана  көпіршік  қабыршағы  керіліп  тұрмақ;  ал  ондай  қозғалыс
                  болуының себебі әртүрлі болары хақ, соның бірі – құйындық қозғалысқа түскен
                  ауада  қосымша  пайда  болатын  электр-магниттік  өрістегі  қозғалыс,  яғни
                  зарядтардың бір-біріне тартылуы мен бір-бірінен тебілуі, бір сөзбен айтқанда –
                  зарядтар  қақтығысы  (ЗрҚ),  ал  мұндай  жағдай  тууы  үшін  газ  атомдарынан
                  электрондар  ажырап,  солардың  еркін  күйге  түсуі  (теріс  зарядтар),  соның
                  салдарынан  және  сонымен  бірге  электрондарынан  айырылған  газдардың
                  ионизацияға  ұшырап,  сол  иондардың  өзінше  айнала  ортадағы  қозғалысқа
                  араласуы (оң зарядтар). Жалпылай айтсақ, осы екі БрҚ және ЗрҚ бар және де осы
                  арада  ескерілуге  тиіс  құйынның  әсерінен  қысымның  артуы,  соның  ықпалынан
                  пайда  бола  бастаған  көпіршіктердің  жарыла  бастауы  көпіршік-ату  ерен
                  құбылысын  туындатады,  ал  бұл  өз  кезегінде  орта  температурасының  арта
                  бастауына әкеледі. Мінеки, осылайша Ранктың құбырында (РҚ) құйындаған ауада
                  көпіршік-ату  ерен  құбылысы  (ҚК-АЕҚ)  жүзеге  асады.  Бұл  арада  біздер  РҚ
                  құйындатылған ауаның ионизациялануының күшейуіне алғашқы түрткі болатын
                  екі факторды атауға тиіспіз (әрине, факторлар екіден көп!), бірінші – Жер магнит
                  өрісінің  ықпалы,  екінші  –  ауада  әрқашан  орын  алатын  табиғи  ионизация
                  нышандары – теріс және оң иондардың жер-әуе аралығындағы газ-бу иондарының
                  үзбей туындап-жойылып отыруларының ықпалы. РҚ екі жағынан да тұйықталса,

                  онда құйындық қозғалыс ерсілі-қарсылы жүреді және де ол құйындар бір-бірімен
                  арқанша есіле бастайды, сондықтан бұл құбылысты біз – арқандық-құйындық деп
                  атадық, яғни АҚК-АЕҚ осыдан келіп туындайды: «арқандық-құйындық көпіршік-
                  атар ерен құбылысы».
                        2-СҰРАҚ: Ранк-Хилш құбырының жұмысын тиімдірек ету үшін магнит һәм
                  магнит өрісі, жалпы магнитизм ұғымы қолданыла ма?
                        2-СҰРАҚҚА ЖАУАП:
                        Әлбетте.  Осының  мысалы  ретінде  В.Д. Дудышев  пен  Л.А. Юткиннің
                  кавитациялық қондырғыларда магниттік әсерді тұрақты магниттерді пайдалану
                  арқылы әсерлерді қосымша күшейте отырып, көпіршік-ату ерен құбылысын одан
                  әрі  зорайту  технологиясын  жасап,  пайдаға  жаратып  жүргендерін  айтып

                  қойғанымыз артық болмас, өйткені ол жәйт біздің жоғарыда ЗрҚ туралы және де
                  Жердің  табиғи  магнит  өрісінің  АҚК-АЕҚ  қосар  үлесінің  болатындығын
                  қуаттайды, сонымен қоса олардың істерін осы тұрғыдағы ғылыми-технологиялық

                  тәжірибелер деп қабылдауымызға әбден болады [В.Д. Дудышев. Явление прямого
                                                                  21
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27