Page 20 - Теория кавитации
P. 20
адамзат Жарық Дүниенің өзінде-ақ «көрмес – түйені де көрмес!» кейіпте
жартыкеш болып, ғұмырын кеше берер ме еді, қайтер еді? Иә, кешіп келді ғой
бүгінге дейін, бірақ-та онда қайран Эйнштейн армандап өткен «Ұлы тұтастық,
бірегейлікке» жету («Великое объединение – Great unification») жайлы басқалар
армандамаса да болады, яғни Абай бабамыздың сөзімен айтқанда, «Баяғы кетік –
сол кетік» болып тұратын да, қоятын да еді.
Біз жоғарыдағы бөлімде дәлелдегеніміздей, электр құбылысының өзі
көпіршік-атумен тікелей байланысты екен, енді міне, магниттік құбылыс та, өріс
те көпіршік-атуға тәуелді екендігіне көзіміз жеткендей болып отыр.
Осы жерде тағы бір қызғылықты жәйтке тоқталмай кетуге болмас: Күнде
тоқтаусыз, толассыз өтіп жататын термоядролық реакциямен қатар электрлік һәм
магниттік құбылыстар қосарласып жүретінін ғалымдар баяғыда-ақ анықтап,
зерттеп-зерделеп қойған: Күнді айнала қоршаған магниттік сферасын да әрқилы
әдістермен, құрал-жабдықтармен зерттеуді тоқтатқан емес, тіптен NASA дәл Күн
ғаламшарының өзіне дейін мейлінше жақын қашықтыққа жете алатын зондты
ұшыруды дайындап, іске асырғанынан да хабардармыз. 2018 жылдың 12 тамызы
күні Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен SLC-37 айлағынан Delta IV Heavy
зымыран-тасымалдағышы көмегімен NASA – АҚШ ғарыш агенттігі Parker Solar
Probe зондын Күнге қарай ұшырды [20]. Ол Күн тәжін зерттеу мақсатында 7 жыл
ұшып, 2024 жылы Күнге 6 млн км-ге жақындап, адам қолынан шыққан ең алғаш
жәдігер ретінде мейлінше жақын қашықтыққа таямақ. Сөйтіп, Күн тәжіне
жақындағанда ол 725 мың км/сағ жылдамдықпен ұшатын көрінеді, ол үшін
«Паркер» зонды Шолпан ғаламшарының жақын маңайынан 7 рет жанап өтіп,
пертурбациялық маневр көмегімен қозғалысын үдетіп отырады екен. Соның
нәтижесінде Күн бетінің температурасы Цельсия бойынша 5 726 градус қана бола
тұрып, Күн тәжінің температурасы неліктен Цельсия бойынша 1,7 млн градус
шамасынан асып, тіптен 29,0 млн градусқа шекті болатынын анықтамақ көрінеді.
Оның үстіне оқтын-оқтын жан-жағына тасқындап жөңкілетін күнжелінен де
мол мағлұмат жинақталуда, өйткені оның бір парасы Жерге жетіп, соның магнит
өрісімен әсерлесіп отырады, барша тіршілік иелеріне де әсерді молынан
көрсетуде, ол кейде пайдалы болса, кейбіреуге сырқаттарын үдететін жағдайлар
да кездеседі, мысалға – гипертониктерге. Ал пайдалы жағына тоқтай кететін
болсақ, құстардың жыл мезгілдік, кейбір су жануарларының миграциялары,
мысалы киттердің, жәндіктердің миграциялары, мысалы монарх көбелектерінің
т.т. магнит өрісінің әсерінсіз бола алмайды.
Мінеки, магниттік әсер мен құбылыс Жердің өзінде де, оның қоршаған
ортасында да еш тоқтамастан өзін паш етуде.
Ғалымдардың дәлелді пайымдауынша, Күн бетінің астыңғы қабатында
электрленген һәм магниттелген домендер мен гранулалардың тұйықталған
тізбектері толассыз қалыптасып-жойылып, жойылып-қалыптасып бұрқырап-
сарқырап жататын көрінеді. Күн ядросының температурасы 13,5 млн градус
Цельсия шамасында болады екен. Сол ортадан оқтын-оқтын зор жарылыстар
19