Page 19 - Теория кавитации
P. 19

олардың ойларын, идеяларын қуаттамай, сол ғалымдар салдары суға кеткендей
                  күн  кешуде  [19].  Сондай  идеялардың  бірі  осы  аналитикалық  кең  ауқымды
                  сараптамада келтірілген [19]. К.У. Форд, Дж.Н. Бакелл, Д. Ларсон және тағы да
                  басқа  физиктер  магниттік  монопольді  3-өлшемді  кеңістікті  1-өлшемді  және  2-
                  өлшемді скалярлық жазықтықтарға бөле-жара қарастырып, іздеп таппақшы болып
                  әуреленуде,  бірақ  П.У.  Бриджмен  олардың  бұл  талпыныстарын  негізсіз  деп
                  дәлелдеуде,  ал  белгілі  физик-ғалым  және  физиканың  ең  маңызды  оншақты
                  салаларын  қамтитын  түбегейлі  оқулықтардың  авторы  Ричард  Фейнманның  өзі
                  жоғарыдағы  ғалымдардың  идеяларын  сынға  алғанын  осы  сараптамадан-ақ
                  байқаймыз [19]. Демек, магниттік монопольді іздестірудің жоғарыдағы ғалымдар
                  таңдаған жолмен нақты нәтиже беретініне ешкім сене алар емес.

                        1.2.3 Біздің магнитизм құбылысын түсіндіруге қосар үлесіміз

                        Біздің  ұстанымымыз  белгілі:  кавитионның  ci1  және  ci2  типтері  электр
                  құбылысымен қоса, табиғаттағы магнитизм құбылысына да қолданыла алады ғой
                  деген сенімдеміз, әсіресе ci1 типті кавитионының. Бұл ұстанымымызды негіздеу
                  үшін  Ампердің  гипотезасына  жүгінгенді  жөн  көріп  отырмыз.  Бұл  гипотезада
                  негізгі  сүйенетін  1-тұжырым:  «Кез  келген  дененің  магниттік  ерекшелігі  сол
                  дененің  ішінде  толассыз  ағынға  айналып,  қозғалыста  болатын  электр
                  тоқтарының тұйық тізбектерінің болуымен анықталады» [17].
                        Осы  тұжырым  өз  кезегінде  мына  заңға  бергісіз  2-тұжырымға  сүйенеді:
                  «Электрондар  өзінің  өмірлік  дүркінінде  әрқайсысы  өзіне  тиесілі  өсінің
                  айналасында айналады және де заряды болғандықтан, өз ядросының маңайында
                  магниттік һәм электрлік өрістер туындатады» [17].
                        Осы  жерде  Уильям  Гилберт  сонау  1600  ж.  «Магнит,  магниттік  дене  және
                  үлкен магнит – Жер туралы» еңбегінде айтқан үлкен магнит – Жер демекші, Жер
                  шарының  магниттік  өрісі  (ЖМӨ)  мен  болмысы  турасында  айта  кетейік:  Жер
                  ядросы  мен  оны  қоршаған  магма  ортасында  электр  тоқтарының  тұйық
                  тізбектерінің  саналуан  түрлері  мен  қисапсыз  саны  осы  шардың  ғажайып  зор
                  магниттік өрісін туындатып, бүкіл биосфера тұрғындарына – флора мен фауна
                  мүшелеріне «өмір» деген жаратылыс сыйлағанын айта кетуге тиіспіз. Әлбетте,
                  жалғыз ЖМӨ ғана осы ерен құбылыстың туғанына жауапты емес, гравитация мен
                  радиацияның  үлесі  шексіз,  біздің  осыларға  қосып  айтарымыз:  тіршіліктің
                  туындап,  кең  етек  жаюына  қажеттілігі  міндетті  тағы  бір  құбылыс  бар  –  ол
                  кавитация,  яки  көпіршік-ату.  Әрине  Күннен  жаратылатын  Жарық  Дүние  және
                  соның атрибуттары – сәулесі, жылуы, желі, райы, жарығы, әлдік өрісі және қуаты
                  мен энергиясы тіршілік атаулының болуының ең басты һәм негізгі алғышарттары.
                  Осында  аттары  аталып,  заттары  затталған  ұғымдардың  ішінде  ешқашан
                  көрсетілмей, аталмай, шетқақпай болып келген тек көпіршік-ату құбылысы ғана
                  екендігі енді міне айғақталып отыр. Соған да шүкіршілік десек – ендігіде орынды
                  болмақ. Бүгіндері біз жаңалық ретінде ашып, көрсетпесек [14], әлі қанша уақыт

                                                                  18
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24