Page 14 - Теория кавитации
P. 14
әрдайым кеңею үрдісіндегі Ғалам пайда болды" ("Кипение Вселенной в струнной
теории" – деген бөлімінде: [10, 96-98 бб.]) – дейді, яғни Ғаламның туындап,
ұлғайып дамуында көпіршік-атудың да зор үлесі болғанға ұқсайды [11]!
Мені бұл тұжырым қатты қуантқанын жасыра алмаймын, әрине. Дегенмен
де, бұл жай ғана сөз орайы келгенде айтыла салған тұжырым еместігіне иланғым
келеді. Мына «Ғалам – көпіршіктен» деген суретті Андрей Линде
"кеңістік-уақыттық көпіршік" деп атап, пайдаланады жұмысында:
1.2 Кавитион ұғымын Хиггстің бозонымен салыстыра қарасақ...
Хиггс бозонын тәжірибеде соңғы уақытта ғана бар екенін дәлелдегендеріне
қарамастан (2012 жылы: ҮАК – үлкен адрондық коллайдер қондырғысы
көмегімен!), ғалымдар оны «масса туындатушы элементарлық бөлшек» – деп атай
бастады, демек, бастапқыда массасыз заттардың, ақпараттың материалдануы –
масса иеленуі үшін міндетті түрде оларға алдымен бозон қалайда араласуы керек.
Яғни, егер бастапқыда зат құрамында бозон болса, онда ол зат туа біткен
материалды зат болмақ, ал егер-әки туарында зат бозоннан ада болса және де
ешқашан бозонды өз бойына сіңіре алмаса, онда бұндай зат материалданбаған
күйде – бейматериалды түрде мәңгілік қала бермек.
2
Осы арада туындайтын сұрақ: Эйнштейннің E=m·c формуласына
негізделген және басқа да бүгінге дейін Ньютон және Эйнштейн классикалық һәм
релятивистік механикалық жүйелеріндегі заңдылықтар қайда қалады? Оларға біз
енді қалай қарауымыз керек? Білетініміз: F=m·a → m=F/a (Ньютон); E=m·c →
2
2
m=E/c (Эйнштейн), демек масса болуы үшін күш не энергия болуы алғышарт, ал
бұл екеуінің болуы қозғалыстың болуымен тікелей байланысты. Біздің
айтпағымыз: «қозғалысты енгізетін бөлшек» – кавитион!
Тұжырым: Егер бозон массамен қоса қозғалыс енгізетін болса, онда ол
кавитионның бір түрі болмақ, дәл солай егер де кавитион қозғалыспен бірге масса
енгізетін болса, онда ол бозонның бір түрі болмақ.
1.2.1 Біздің электр құбылысын түсіндіруге қосар үлесіміз
Кіріспе. Жылытудың заманынан озып, бүгіндері экологиялық тұрғыдан
әбден тозып, өзінің бүкіл жағымды қасиетін жоғалтқан ықылым заманнан бастау
алатын, бүгінге дейінгі уақытта қолданылып жүрген «Экстенсивті жылыту
жүйесін» алмастыруға лайық жаңарымды «Интенсивті жылыту жүйесін»
жасақтап келе жатқанымызға 25 жылдай болды. Осы уақыт аралығында
интенсивті жылыту жүйесінің қағидалық негізі болып табылатын көпіршік-ату
(кавитация) жан-жақты һәм егжей-тегжейлі зерттеп, талай сырларына қанық
болдық: бұл құбылыстың да өзіндік жағымсыз және жағымды жақтары баршылық
екен. Оның барлық құпияларын ашып болдық – дей алмаймыз, дегенмен де, бұл
13