Page 12 - Теория кавитации
P. 12

және «аксион», «анион»  мен «аксиондық электродинамика», «уақыт кристалы»
                  секілді ұғымдарды қосыңыз. Бұл ұғымдардың авторлары һәм уағыздаушылары
                  Франк Вилчек (Нобель сыйлығының 2004 жылғы лауреаты) және Кин-Донг Чжан.
                  Осы  ұғымдар  ғылыми  категорияға  айналуы  үшін  көпіршік-ату  мен  кавитионға
                  зәрулі  десек,  қателеспейміз.  Өйткені,  ол  ұғымдардың  әрекеттенуі,  бар  болуы,
                  тіптен болмысы мен табиғаты көпіршік-атуға сұрануда, демек, осылайша біз тағы
                  да өз ойымызға иланамыз: Хиггстің бозондары барша элементарлық бөлшектерге
                  масса дарытса, кавитиондар – солардың бәріне қозғалыс дарытады.

                        Ескерту:  Тағы  бір  маңызды  жәйт:  КАК  басқа  күштермен  біріге  отырып
                  әсерлескенде  тіптен  ғажайып  және  ерен  сипаттарға  ие  болады.  Мысалға,
                  гравитациялық  күшпен  бірігіп,  торнадо,  дүлей  құйын,  циклон,  иірім,  цунами,
                  жанар тау атқылауы және т.с.с. жарылыстар мен атқылауларда КАК әсері ерекше
                  салдарларға  әкеліп  тірейтінін  жиі  байқауға  болады.  Әсіре  көрнекі  мысалды
                  алыстан  іздемей-ақ  торнадоның  “бейтабиғи”  ғажаптарына  қанық  болсаңыз
                  жеткілікті:  ұшып  жүрген  тақтай  жаңқасы  кірпішке,  металдан  жасалған
                  бұйымдарға ішене сынбай қадалғанда еш күйгеннің ізі білінбейді екен, қалайы
                  күрішкенің сырты ішіне, іші сыртына айналып түскенде бірде-бір жарықша пайда
                  болмаған, 75 метрлік мықты металл көпір 8 цифрына айналып, бұралаңдап сынып
                  құлаған т.т. (сайт: http://www.transgasindustry.com/books/Potapov/vvedenie.html).
                        Электр мен магниттік күштермен біріксе, КАК тіптен әсерленіп сала беретін
                  көрінеді,  оның  мысалын  да  көп  іздеп  жатудың  қажеті  жоқ:  найзағай  мен  күн
                  күркіреуіне көңіл бөлсеңіз жеткілікті – онда Цельсия бойынша 24-27 мың градус
                  температура  пайда  болып,  керемет  теңдессіз  жылдамдықты  жылжымалылық
                  қасиет  пен  күркіреген  дыбыстың  туындауына  сол  ортада  пайда  болатын
                  электрмагнит өрісі мен күшінің шамасы келмейтінін мамандар білсе де, осы күнге

                  дейін  айтқандарынан  таймай,  басқа  күштің  әсерін  естігілері  келмейтініне  таң
                  қалмасқа болмайды, тіптен торнадодағы тылсым күшті де электр күшіне дәлелсіз
                  теліп  жүргендеріне  не  дерсіз?!  Сол  сияқты  табиғи  һәм  жасанды  орталардағы
                  сонолюминесценция, триболюминесценция құбылыстарын түсіндіруде соларды
                  неге екені белгісіз қызғаштай қорғап, КАК күші әсерін маңайлатқысы келмейтін
                  физик-мамандарға не дерсіз?! Жақында жапон мамандары Күннің коронарлық –
                  тәждік  дүмпулері  кезіндегі  магниттік  күн  желін  туындататын  плазмалық
                  атқылауларының  ерекше  микрогранулалық  қуыстар  пайда  болуының  нәтижесі
                  екені алғаш ғылыми түрде айтылды, әттеген-ай сол мамандар көпіршік-атудың
                  (кавитация) не екенін білсе ғой!?
                        Осы жерде табиғаттың тағы бір құпиясын адам баласына ашқызбай сақтап
                  келген  құбылысы  туралы  айтпай  кете  алмай  тұрмыз,  ол  шар-найзағай.  Ол
                  шынымен  де  найзағай  болса  (бүгіндері  кейбір  мамандар  оны  найзағай  емес,
                  “вакуумдық  домен”  деп  жүр!),  онда  оның  сыры  да  көпіршік-ату  күші  мен
                  құбылысының  араласуымен  қалыптасады,  бар  болады  деп,  әзірше  жоғарыдағы
                  авторлық куәлікке сүйене отырып, жорымалдаймыз – нақты дәлелі табылғанша.
                                                                  11
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17