Page 13 - Теория кавитации
P. 13
1.1.1 Қара құрдым апандар һәм сингулярлылық. Көпбейнелі Ғалам
С. Хокинг марқұмның жарқын бейнесін еске алуға осы еңбегімізді бағыштап
отырғандығымыздан, о кісінің есімімен байланысты тағы бір мәселені қозғай
кетелік. Бұл проблемамен өмір бойы айналысқан Стивен осынау күрмеуі өте
шиеленіскен ұғым авторларының бірі болды – десек, қателеспеспіз. Мен
ақпаратнама – информациология деген ғылыми бағытпен айналысып жүрген
жылдары бұл мәселеге қалам сермеп, бірнеше мақала жазған едім [4]-[9].
Солардағы негізгі тұжырым шешімдер мынадай еді:
- "Қара апан" шынымен де бар болса, онда оның кері жағы "ақ қайнар" ("рог
изобилия") болып, жаңарған жұлдыз бола ма, планета бола ма, ең құрығанда
– астероид, кометалар болып, Ғаламды байытып отырмақ;
- Салыстырмалылық теориясында Эйнштейн ұсынған "Үлкен жарылыс"
нобайы мамандардың мақұлдауына іліккенімен, ол алапат үрдістің алдында не
болғанын, сингулярлылық деген нендей ұғым екенін осы күнге дейін дөп басып
айтып, дәлелдеп беруші табылмай отыр; менің түсіндіруім бойынша, Ғалам
жаратылуының алдында, яки "Үлкен жарылысқа" дейін кеңістік болып, оның өн
бойында "Субстанциялық орта" деген ұғым болған, ол "субстанциялық вакуум-
ұяшықтар" деген жасуша сынды сингулярлық прото құрылымдардан құралған
болса керек. Міне сол ұяшықтардың бірінде "Үлкен жарылыс" болғанға ұқсайды.
Сол алапат жарылыстың нәтижесінде осы күнгі өзіміз тіршілік кешіп отырған
ғұлама Ғалам пайда болса, басқа сансыз көп вакуум-ұяшықтар неге тыншу
күйінде жата бермек. Олардың да кейбіріне түлен түрткі тигендей, содан басқа да
ғаламдар пайда болып жатпасыне – кім кепіл; сондықтан да, С. Хокинг айтпақшы,
"жас ғаламшарлар" туындап, көбейіп жатқан болар [1]-[3], тіптен біздің Ғаламның
алдында сондай басқа ғалам туындап, осы күндері "жатғаламшарлықтар",
"жатғаламдықтар" деп жүрген құбыжықтар айналамызда бізден технологиясы
озып, қаптап жүруі де ықтимал емес пе?!
Мінеки, бір кездері С. Хокинг еңбектері маған ой салып, өзі айналысып
жүрген бағытқа маған жол ашып берген еді.
Ескертулер: 1) Дәл сол мақаламның бірінде мен "субстанциялық вакуум-
ұяшықтарды" нақ "қара апанның" миниатюрлік түрі деп дәлелдеп бағып едім [4],
енді бүгін соған қосып айтарым: олар сонымен қатар миниатюрлік "ақ қайнарлар"
да болып табылады – қос рөлді дуализм қағидасына сай бірдей атқара алатын
нуклондық деңгейдегі сингулярлық микроқұрылым болмақ. Сондықтан да
оларды "Ғаламның геномы" деп те атаған болатынмын [4], [9].
2) Енді бір ескертпе – кеңестік ғылыми мектептің өкілі, қазір американдық
ғалым Андрей ЛИНДЕНІҢ еңбегімен байланысты [10]: ол аузына Құдай салып
тұрғандай, былай дейді: "ең алдымен сингулярлылық бір немесе бірнеше көпіршік
түрінде болды, солар жарылып, сонан соң инфляцияға ұшырап, осы бүгінгі
12