Page 26 - Теория кавитации
P. 26

5) Жарайды, «кавитион» ЭБ ретінде микро деңгейде қарастырылады делік,
                  онда  диалектиканың  заңы  бойынша  бар  деп  дәлелдеп  отырған  ci1  түріндегі
                  кавитион үшін анти-бөлшек болуға тиіс, оны қалай атайсыз және де оның бар
                  болуын  негіздеуіңіз  қалай  болмақ?  Уақыт  қалай  ескерілмекші?  Көпіршік-ату
                  құбылысын  қалай  фазалық  өтулермен  түсіндіруге  болады  немесе  керісінше  –
                  көпіршік-ату  фазалық  өтулерге  қатысты  құбылыс  па?  Кавитион  ЭБ  ретінде
                  заттардың  қозғалысын  туындатушы  бөлшек  дедіңіз,  ал  сонда  оны  мюон  ЭБ
                  салыстыруға бола ма? Кавитион ЭБ көмегімен жарық құбылысын туындататын
                  фотонмен “туыстастыруға” болады екен, онда оның өзі қандай жылдамдықпен
                  қозғалады,  осы  күні  постулат  ретінде  ең  жоғарғы  мүмкін  жылдамдық  деп
                  тұжырымдалып жүрген c жылдамдығынан асып кете ала ма? Плазма ортасында
                  кавитионның рөлі ойға қонымды, ал қатты денелердегі рөлі ше? Неліктен еңбекте
                  кавитация “мойындалмаған” – “непризнанная” делінген? (Арыстан Сарсенов)
                        6)  Масса  туындататын  бозонмен  салыстырғанда  кавитион  ЭБ  түрінде
                  қозғалыс  туындатады  екен  және  де  жоғарғы  температуралы  жылу  энергиясын
                  бөліп шығаратын көрінеді, оны біз бүгінгі семинарда плазма, жанартау атқылауы
                  кезінде,  Күннің  ішінде,  бетінде,  айналасында,  тәжінде  пайда  болатын  өте  зор
                  шамалы  температуралардың  мысалдарынан  көрдік,  ал  сол  температуралық
                  үдерістер  ұзақ  уақытқа  созылса,  бүкіл  ортаны,  айналаны  өртеп  жібермей  ме?
                  Физиканың элементарлық бөлшектер теориясында бір ЭБ екіншісіне белгілі бір
                  жағдайларда  ауысып  кетеді,  мысалға,  протон  –  электронға  және  керісінше
                  электрон  –  протонға,  протон  –  нейтронға,  нейтрон  –  протонға,  міне  осындай
                  микро-әлемдегі  трансмутациялық  жағдайларды,  түрленулерді  «кавитиондар»
                  көмегімен Сіз қалай түсіндірір едіңіз? (Оқас ҚҰРМАНҰЛЫ)
                        Сұрақтарға баяндамашы мүмкіндігінше толық жауап берді.


                        2.3 Пікір алмасу тыңдаушыларды сабасына түсіріп,
                        жасампаздыққа бет бұрды

                        Пікір алмасуда Арыстан Сарсенов,  Болатжан Дыбыспаев,  Нұрмұханбет
                  Ермеков,  Өткір  Қабылбекова,  Оқас  ҚҰРМАНҰЛЫ  және  баяндамашының  өзі
                  семинар  бойынша  ойларын  ортаға  салды,  сонымен  қатар  жаратылыстану
                  ғылымдарының  зәрулі  мәселелері  талқыланды,  атап  айтсақ:  Г.В.  Шуваевтың
                  «Программа  построения  “Ноосферы”» кітабының және Ю.В. Буртаевтың М.В.
                  Ломоносов  атындағы  Мәскеу  мемлекеттік  университетінде  баяндаған
                  «Кирпичики мироздания. Из чего состоит всё?» деген мақалалар топтамасының
                  нәтижелері егжей-тегжейлі сөз етілді.
                        Ораторлар бір ауыздан жаратылыстану ғылымдарының әртүрлі салаларында
                  келелі өзгерістер, тіпті ғылыми революциялар жүріп жатқандығын мойындады.
                  Әсіресе  физика  саласы  көптеген  дүмпулердің  аренасына  айналуда,  соның  бір
                  көрінісі Д.Ә. ӘУБӘКІРДІҢ талқыланған «Тылсым түбегейлі феномен – көпіршік-
                  ату  телекоммуникация,  байланыс  жүйелерінде  және  басқа  да  заманауи
                                                                  25
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31