Page 31 - Теория кавитации
P. 31
Мінеки, енді жаңа эйнштейндер келіңдер, «Ұлы бірегейлікті» – «Великое
объединение» – Great union» заң ретінде дәлелдеңдер де, соның теңдеуін іздеңдер!
Эйнштейн демекші, осы мәнмәтінде (контекст) А. Эйнштейннің 1905 жылғы
зерттеулеріне негіз болған 1887 жылы Г. Герц ашқан фотоэффект құбылысына
және де «квант» ұғымын ғылым айдынына алып келген М. Планктің 1900 жылы
ашқан жаңалығына да тағы бір көңіл бөліп қойғанды жөн көріп отырмыз: бұл
жаңалықтар біздің талқылап жүрген ғылыми ізденістерімізге де қатысы болатынға
ұқсайды. «Атом ЭМ импульстік сәулеленуді үздіксіз емес, дискретті түрде – үзік-
үзік етіп, шақ-шақтап шығарып-жұтады екен, яғни бұл сәулеленудің кванттап
шаққандағы энергиясы E= h·υ, мұнда υ – сәулелену жиілігі, h – кванттап
әсерлесудегі әр квантқа сай әсер (күш), ол Планк тұрақтысы деп аталады, h=
–34
6,626×10 Дж·сек немесе ħ= h/(2·π) – Планк-Дирак тұрақтысы» [22]-[23].
Осы мәнмәтіндегі дискреттілік біздің жоғарыдағы ci1 кавитионы табиғатына
байланысты айтқан құбылмалылыққа сарындас, ал жоғарыдағы Шрёдингер
теңдеулері туралы талқылаудағы толқындылық ci1 кавитионының
тербелмелілігімен сарындас екенін аңғару қиын болмас. Аталмыш ci1 кавитионы
үшін толқындылық мүлде жат дей алмаймыз, өйткені жоғарыда ол жарылып-
толықсып отырады дедік қой, бұл үдеріс қайта-қайта қайталанған кезде
толқынданғандай құбылыс туындатады, бірақ физикада бейнеленетін толқыннан
бөлек бұндай көрініс. Сондықтан да, біз бұл құбылысты кавитиондардың
периодты – қайтымды құбылмалы жарылып-толығатын тербелме феномені –
ерен құбылысы демекпіз (ҚҚ-ЖТ-ТФ – ОФСВПК – обратимый феномен
схлопываний-восстановлений пульсирующих колебаний кавитионов – RPCRPO -
reversible phenomenon of collapsing-restorations of pulsating oscillations of cavitions).
Сондықтан да, ҚҚ-ЖТ-ТФ фазасы, амплитудасы, толқын ұзындығы деген
ұғымдар болмайды, есесіне – энергия, жиілік, әсер – күш, импульс, период деген
атрибуттары және де құбылыс уақытын, өтетін орны мен айналасын (өрісін)
ескеретін параметрлер болады – деп пайымдаймыз. Әлбетте, ҚҚ-ЖТ-ТФ
толқындық үдеріс көмегімен жуық нобайлап, зерттеуге болмайды деп те айта
алмаймыз, тіптен, осы күнге шекті ЭМҚ дәл осылай толқындық құбылыс деп
қабылданып, зерттеліп келгенін мойындауға тиіспіз. Осындай нобайлаудың
адамзатқа берген нәтижесі өте-мөте қомақты болды: қаншама теориялар, ғылыми
салалар, тәжірибелер, болжамдар, физик-ғалымдар, ғұлама қайраткерлер мен
ғылым майталмандары пайда болып, физика бір-бір жарым ғасыр бойы ғылым
біткеннің нағыз олимпі болды десек, қателеспеспіз.
Дегенмен де, бұл әдістеме ЭМҚ нақты құпиясын ашудан, оның табиғатын
дөп басудан зерттеушілерді бұрып әкетті. Осы әдістемеге сүйеніп, электрлік
құбылыс пен магнитизмнің практикада жүзеге асырылған нәтижелеріне қарық
болған адамзат бұл құбылыстың басқаша табиғаты болады дегенді естігісі
келмеген сыңайлы. Қарапайым адамдарды бұған кінәлаудың өзі орынсыз, оларға
күнделікті күнкөріс мәселелері оңтайлы шешіліп отырса, ғылым мен техника
30