Page 36 - Теория кавитации
P. 36

Ендігіде  осы  мәселеге  байланысты  анықталуға  тиіс  сұрақ:  атом-көпіршік
                  кавитионның қай түріне жатқызылғаны дұрыс болады – ci1 ме, әлде ci2 ме?
                        Анықтамаға сүйенсек, ci1 – атом-нуклондық деңгейдің кавитионы және де
                  негізінен  бұл  түр  элементарлық  бөлшектердің  еншісіне  белгіленген,  ал  ci2  –
                  молекулалық  деңгейдің  кавитионы.  Атом  статусы  бойынша  осы  екі  аралыққа
                  түсіп тұр, сондықтан да атомды кавитион деп қарап, зерттеуге әркез екі жақтан
                  немесе жағдай ерекшелігін ескере отырып, бір жақтан келуге болатын сыңайлы.
                        Нейтрондану  дегеніміз  сондай  ерекше  жағдайдың  бірі  болғандықтан,  бұл
                  мәнмәтінде  атомды  ci1  түріндегі  кавитион  деп  қараған  жөн  демекпіз.  Бұндағы
                  ерекшелікті  ескерудің  тағы  бір  негізі  –  нейтронның  нағыз  нуклондық  ЭБ
                  болуында.  Дегенмен  де,  бұл  арада  нейтрондану  нәтижесінде  қалыптасқан
                  “уақытша”  нейтрон  (оны  біз  t-n  деп  белгілейміз!)  мен  атомнан  мүлде  бөлініп
                  шығып,  өзінше  дербес  ЭБ  ретінде  қарастырылатын  нейтронның  (оны  біз
                  үйреншікті  n  деп  белгілеуді  сақтаймыз!)  айырмашылығын  ескерген  жөн  болса
                  керек. Сонымен, t-n-нейтрон уақытша анабиозға ұшыраған жәндік іспеттес,  жай-
                  күйі өзгергенде өздігінен метаморфозға – ғажайып түрленуге ұшырап, протон мен
                  электронға  айналып,  қайта  бастапқы  атомын  құрап  шыға  келеді.  Ғажап  емей,
                  немене бұл құбылыс. Әсіресе протий үшін бұл өзі екі бағытты метаморфоз: ең
                  алдымен  оның  атомындағы  жалғыз  протон  “метақатты  металл”  жағдайындағы
                  фазалық  күйге  түскенде  t-n-нейтронға  түрленеді  де,  атом  осылай  нейтрондану
                  қалпында “инкапсуляциаланады”, қалыпты жағдайға тап болғанда, керісінше сол
                  t-n-нейтрон  протон  мен  электронға  түрленіп,  протидің  инкапсуляциаланған
                  атомын қалпына келтіреді екен [25]. Ерекше көңіл бөлуге тұрарлық жәйт: осы
                  мәнмәтіндегі атомның жарылып, t-n-нейтронға түрленуі және де t-n-нейтронның
                  атомға  кері  түрленуі  –  екеуі  де  сутек  үшін  фазалық  түрленулер  болып
                  табылатындығында.

                        Ядролық және элементарлық бөлшектер физикасы мамандары бұл жағдайды
                  ЭБ бір-біріне түрлену реакцияларын жазумен түсіндіреді, әлбетте. Біздердің соған
                  қосатынымыз:  a)  сол  реакциялардың  табиғи  негізі;  b)  энергетикалық
                  қамсыздандырылуы;  көпіршік-ату  осының  a  бабына  жауап  беретін  бір  себебі
                  болса, ал “метаморфоз” – ғажайып түрлену энергиясы b бабына жауап беретін
                  энергия көздерінің бірі болмақ (жоғарыдағы материалға қараңыз!).
                        Мінеки,  осылай  жаңаша  анықталған  атом  болмысын  –  «атомның
                  кавитиондық  нобайы»  деуді  ұсынамыз.  Әлбетте  атом-көпіршік  сөзі  оғаштау
                  естілуі  мүмкін,  бірақ  бізге  ең  бастысы  қалыбының  атауы  емес,  атомның  ішкі
                  дүниесі мен болмысының қалыптасуын риясыз түсіну.

                        2.9 Қорытынды: сұрақтардың қанағат етілгені бар, етілмегені бар...

                        Осы  есеп  беру  негізінде   құрастырылған   мақаламызда   тағы  да  бір-екі
                  А.  Сарсенов  тыңдаушымыз  қойған  сұраққа  жауап  бере  кетейік,  ол  анти  ЭБ
                  байланысты сұрақ: Диалектиканың заңы бойынша бар деп дәлелдеп отырған ci1
                                                                  35
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41