Page 40 - Теория кавитации
P. 40

қатар  жүретіндігін  бейнекөріністер  түрінде  түсіріп  алған  (төменгі  1-ші,  2-ші
                  суреттердегі бейнелеулерді қараңыз: Northwestern University [40])».





















                         1-Сурет. Жарқылдаған фейерверктер: сперматозойд пен аналық ұрықтың кездесуі
                                            (бейнекөрініс: Northwestern University [40]).












                      2-Сурет. Тышқанның жарқылдаған аналық ұрығы: қалташаларынан мырыш атомдарын
                         шашыратып шығарыуының алдында (бейнекөрініс: Northwestern University [40]).

                        «Осы зерттеу үшін арнайы әзірленген озық технологияларды қолдану бізге
                  атом-молекулалық  фейерверкті  толығымен  бейнекөрініске  түсіріп  алуға
                  мүмкіндік берді. Ғалымдар мырыш атомдарының қай жерде пайда болатындығын
                  анықтауға  тырысты.  Бөлшектер  ұрықтың  тікелей  бет  жағында  шығарылғаны
                  анықталды.  Ұрық  жасушасында  8  мыңға  жуық  “қалташалар”  бар,  олардың
                  әрқайсысында миллионға жуық мырыш атомы болатын көрінеді» [40]. Авторлар
                  – тәжірибе жасаушылар мен ғалымдар бұл үдерісті басқаша әрқалай түсіндіреді.
                        «Алдыңғы  тәжірибелерде  тышқандарды  ғалымдар  ұрықтандыру  кезінде
                  толқындатып  шығару  арқылы  жасуша  60  миллиард  мырыш  атомынан  10
                  миллиард жоғалтады деп анықтады. Сондай-ақ, ұрық мырышсыз жетілуге толық
                  жете алмайтындығы белгілі болды. “Ұрық жасушасы алдымен мырыш атомдарын
                  жинап,  содан  кейін  оларды  біртіндеп  табысты  дамып  жетілу  үшін,  жыныстық
                  ұрықтану және эмбриогенез басталуы үдерістерін дұрыс басқару үшін босатып
                  отыратын болса керек. Жұмысымызда біз жасушаның трансформацияланып, жаңа
                  организмге айналуын молекула деңгейінде түсінуге тырыстық”», - дейді Томас
                  О'Халлоран (Thomas O'Halloran) [40].




                                                                  39
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45