Page 44 - Теория кавитации
P. 44

мәселені шешпек болып едік, бірақ бұл талпынысымыз бізге еш нәтиже берген
                  жоқ. Қалай болғанда да, біз осы әріптестерімізге эмбриологияның мәселелеріне
                  жасалып  жатқан  кавитация  –  көпіршік-ату  теориясының  тұрғысынан  назар
                  аударуға  шабыттандырғанына  ризашылығымызды  білдіреміз,  бірақ  бұл
                  эмбриология  саласы  «біздің  жолымыз  емес  еді»,  дегенмен  де,  қазір  біз
                  осындамыз!»

                        3.2.1 Бластоцисттер – кавитациялар қалыптасуын реттеу

                        Талқыланып  отырған  аталмыш  жұмыс  негізінен  жасушалық  деңгейде
                  метаболизм механизмдерін қарауға арналғандықтан, біз сондағы бірнеше сурет-
                  сызбаны ұсынамыз [41]. Осы механизмдердің бірі – жұмыста “иондық сорғы” деп
                  аталған  иондар  мен  ферменттерді  тасымалдаушылар.  5-Суретте  сүтқоректілер
                  эмбриондарының  имплантациялау  алды  трофэктодерм  трофобласттарындағы
                  иондар  мен  ферменттердің  тасымалдаушыларының  экспрессияға  ұшыраған
                  көріністерін көреміз.











                          5-Сурет. Тышқан эмбриондарының имплантациялау алды трофэктодерм трофо-
                          бласттарындағы иондар мен ферменттердің тасымалдаушылары экспрессиясы.

                        Төменгі 6-суретте трофэктодерм жасушаларынан тұратын ішкі және сыртқы
                  қабаттарындағы  катенин  һәм  актин  көмегімен  ферменттермен  зат  алмасудың

                  зонулдық механизмін бақылауға болады.














                                6-Сурет. Эпителиалық жасушалардағы zonula adherens (солда) және
                              zonula occludens (оңда) молекулалық полярлы бағытталып ұйымдасуы.

                  Ал  7-суретте  байқайтынымыз  –  1957  жылы  химиядан  1997  жылғы  Нобель
                  сыйлығының лауреаты Йенс Скоу (Jens C. Skou [54]) ашқан өте көп тараған және


                                                                  43
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49