Page 43 - Теория кавитации
P. 43

соң  тыныштық  орнайды.    Біраздан  кейін  жаңа  “кавитациялық  фейерверк”
                  қайталанады  да,  қайта  тыныштық  орнайды.  Міне  осылай  4-5  рет  осы  үрдіс
                  қайталанады» [40].
                        Бұл  үдерісті  біз  миниатюрлік  ci2-жанартау  атқылауы,  ал  кавитиондар
                  туындататын   “кавитациялық фейерверктерді” – миниатюрлік ci2-найзағай дер
                  едік.
                        Мінеки, осындай ci2 түріндегі кавитиондық әсерлесулер нәтижесінде АтЖЖ
                  мен  АнЖЖ  –  жыныстық  ұрықтар  (ЖҰ)  шағылысуынан  бластоциста  һәм
                  трофэктодерма  –  эмбрион  алды  тірі  ағзаның  жасушалық  құрылымдары
                  қалыптасады.















                         3-Сурет. Сол жақта трофэктодермамен қоршалған ЖҰ шағылысуынан кейінгі 4-5
                        күндік бластоциста. Оң жақта осы жасушалық құрылымдар жатыр алды түтікшеде.













                         4-Сурет. Сол жақта трофэктодермамен қоршалған ЖҰ шағылысуынан кейінгі 6-7
                        күндік бластоциста жатыр қабырғасына жақындап келуі. Оң жақта осы жасушалық
                         8-9 күндік құрылымдар жатыр қабырғасына етене еніп, жайғасулары көрсетілген.

                        3.2 Бластоцист пен трофэктодерм кавитациялық түрлену
                        үдерістерінің молекулалық механизмдік тетіктері…

                        Бұл  бөлімде  шетелдік  авторлар  Андрей  Уотсон  мен  Лиза  Баркрофттың
                  (Andrew  J.  Watson  &  Lisa  Barcroft  [41])  жұмысына  негізделген,  шағылысқан
                  жасушалық  құрылымының  дамуының  бастапқы  кезеңі  талқыланады.  Осы
                  жұмыстың бір бөлімі «кавитация» сөзін қолданып аталады (2.1 бөлімін қараңыз!),
                  сондықтан  бұл  жұмыс  бізді  қызықтырды.  Бірақ-та,  бұның  авторларының  бұл
                  ұғымды  қандай  мағынада  қолданғанын  түсіне  алмадық.  Бәлкім,  біздің
                  ұйғаруымыз да солай, «кавитация» сөзін олар «көпіршік» деген сөздің антонимі
                  ретінде  қолданған  болса  керек.  Андрей  Уотсонмен  хат  алмасу  арқылы  бұл
                                                                  42
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48