Page 48 - Теория кавитации
P. 48
Ескерту. Біздің авторлығымызбен жарияланған мына еңбекте неологизм
«кавитион» терминінен бұрынырақ «кавитон» деп алылған еді [44], бірақ
Интернетті қарай отырып, ол дұрыс болмайтынын түсініп, «кавитион» сөзіне
тоқтауды жөн көрдік және де осы сөз бұл неологизмнің мән-мағынасын
толығырақ һәм дәлірек беретініне көзіміз жетті ([55] қараңыз!).
Қорытынды: Мұның бәрі жасушалық құрылымдарда кавитация – көпіршік-
атудың әсері – ион-молекулалық ci2 түріндегі кавитиондардың қалыптасу,
+
+
жарылу феномені: жасуша мембранасының саңылауы арқылы Na не K немесе
басқа иондардың өтуі сол мембрананаң екі жағында микро-көпіршіктердің пайда
болып, қысыммен жарылулары немесе су ортасында басқа иондардың ыдырауы
салдарынан пайда болады. Сонымен қатар, иондану үдерістерінің өзі де көпіршік-
ату арқылы кавитиондық КА-ЕҚ түрінде атқарылып, орын алады!
(3-бап материалы үшін негізгі сілтеме: Д.Ә. ӘУБӘКІР, Е.Д. ӘЗЕН. Жыныс
жасушаларының шағылысуынан бастап, эмбриондық кезең алдында бластоцист туындап,
қалыптаса бастауындағы жасушалық деңгейде жүретін метаболизмнің көпіршік-ату
табиғаты// 13 мамыр 2019, 11:57. Блогқа жазылды: Massaget. https://massaget.kz/blogs/25627/)
4. ТАСА БАЙЛАНЫС ЖАСАҚТАУДЫҢ
АРҚАНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
(Бұл баптағы материал алынған жариялық сілтемелер: [57]-[64])
Гипотезалық идеялар:
a) Алыс қашықтықтарға ұшатын құстар өзіндік индукция (ӨИ) құбылысын
пайдаланады (магниттік ӨИ және электр-магниттік ӨИ).
b) Киттер мен балықтың кейбір түрлері де ӨИ-ді алыс қашықтыққа миграция
кезінде және де синхронды жұптасып (мыңдап, миллиондап топтасқан түрде) –
біркелкі жүзуде туындатып, пайдаланады.
4.1 Жер магнитизмінің әлдік тораптарының желісі
Қанаттарын жылдам да екпінді сермеу нәтижесінде құс өз денесінде
жайғасқан сұйық магнит «оттығын» меңзетіп отырады; ол оттық жер
магнитизмінің әлдік құрылымдарымен әсерлесе отырып, ӨИ туындатады, ал ӨИ
өз кезегінде қанаттарды сермеуге жұмсалатын энергияның қосымша, мардымды
бөлегіне айналады; бұған қоса ӨИ магниттік гироскоптық құйын (МГҚ) іспеттес
құбылысты да туындатады, ал ол ұшып келе жатқан құсқа орнықтылық және
«жеңілдену» секілді пайдалы қасиеттер дарытады.
Бұл айтылған МГҚ-ны құстың айналасындағы ауа ағынында ұшқан кезде
сырттай пайда болатын, құсты жоғары қарай итермелеп отыратын, және де
құстардың бұрыш жасап, бірінің қанатының сермеуінен пайда болған ауадағы
құйындармен (АҚ) шатастырмаған абзал; ағымдағы ауа құйындары (ААҚ) көтеру
47