Page 52 - Теория кавитации
P. 52
жалғастыратын арна қажет болады, оны біз «ес-түс» арнасы деп атайтын
боламыз.
4.3.2 Техникалық қағидалар
4.3.2.1 Байланыс желілерінің бір-бірімен қабаттаспауы.
4.3.2.2 Жердің магниттік, электр-магниттік және әлемдік гравитация
тораптарына желі салу арқылы байланыс қуаттылығын қамтамасыз ету.
4.3.2.3 Бейне аса сергек магниттелетін сұйық кристалға (СМ-СК)
таңбаланады: бейтаныстың голографиялық кескін-пішіні өзімен бірге жеткізілетін
хабарды тіркей – ілестіре жүреді, ол ым-жымы бөтендерге астыртын, тек
хабарласып тұрған екі бейтаныстың бірі-біріне ғана («анонимді» түрде) түсінікті
хабар алмасу болмақ; бөтеннің «қолына түсе» қалған жағыдайда бейне-хабар
оқылмайтын кейіпке түсе қалуы керек; хабар алушының еркіне сай ол хабар
дыбысталған күйге ене алатындай мүмкіндікке де ие болуы тиіс – бұл мүмкіндік
сөзді буын-буынымен СМ-СК ерекше тербелісі арқылы дыбыстауға (синтездеуге)
негізделмек; яғни әр тілдің фонетикасы – дыбыстық жүйесі бұл тәсілде айрықша
мәнге не болмақ.
4.3.2.4 Жерді бойлап тереңдеген сайын магнит желісінің қуаты арта түседі,
сондықтан АТБ-АТ тәсілін басқарудың құрылғылары – коммутаторлар,
түрлендіргіштер, еселегіштер – күшейткіштер т.б. техникалық қондырғылар Жер
астында жайғастырылмақ.
4.3.2.5 Протоколдың ең төменгі деңгейі «арқау-тінді» іске асыру үшін Жер
магниттік әлдік тораптарына құбылмалы сипаттағыштардан өрмектегі арқау мен
тінді еске түсіретін желі саламыз [63].
4.3.2.6 Орта деңгей «жан-тәнді» іске асыру – адамдардың бір-бірімен тікелей
байланысқа шығуын қамтамасыз етпек: ол үшін бір жағынан техникалық –
коммутаторлар, түрлендіргіштер, еселегіштер т.б. құрылғылырдың көмегімен һәм
осы заманғы аса ұрымтал тәсіл-айлалардың арқасында «бейтаныстар» Жер асты
басқарылатын байланысқа қол жеткізсе, екінші жағынан олар бір-бірінің керемет
бейнесін тамашалап, Жарық Дүние көргендей ляззат сезімге бөленіп, жандары
жаннатқа ұялағандай болады.
4.3.2.7 Жер асты басқарылатын АТБ-АТ даму шегіне жеткенде, Ғарыш
кеңістігінің кез келген түкпіріне шейін адам баласы өзбейнесін шексіз-шітсіз арна
бойымен желіге байлап аттандырып және оны қайта қайтарып алып отыратын
дәрежеге жетеді. Ежелгі түріктердің Тәңірісіне күнделікті көзге көрінбейтін
арқаулық байланыспен мінәжат етіп отырғанындай, барлық есіне сақтағандары
түстей шапшаң саналы көз алдынан жүйткіп өтіп отырмақ. Көне түрік діні шын
мәнінде «тәңірілік» емес, «бөгү» деп аталғандығын жақында белгілі түрколог-
этнолог маман Қаржаубай Сартқожаұлы тастағы – Күлтегін, Кули-Шор және
басқа да ұстындарындағы руникалық жазулардан тауып [64], жаңғыртып берген
еді, міне, енді сол ұғым қайта кәдеге жарайтын заман да туды. Ал «дін» сөзін біз
51