Page 50 - Теория кавитации
P. 50

«Жердің ішінде тоқ болмайды!» – деп жауап берді Нұрбек, менің сауалыма,
                  өйткені  физикадағы  заң  бойынша  Жер  шары  тұйық  дене  болғандықтан,  оның
                  туындататын тоғы оны айнала өріс болып жайғасады деп түсініктеме берді. Ал,
                  теңіз, өзен, мұхит суларында ше? Тоқ өрісі орын ала ма, жоқ па?
                       Менің ойымша атмосферада тоқ болса, Жер шары қанша тұйық болғанымен,
                  суда да тоқ құбылысы міндетті түрде болады, өйткені  тұзды су өте жақсы тоқ
                  өткізгіш. Менің білуімше ауа – изолятор, сондықтан, Жерді айнала қоршаған ауа
                  кеңістігінде  тоқ  өрісі  болса,  ол  суда  неге  болмасқа?..  Тіптен,  ауа  ортасында
                  әлсіреуге тиіс статикалық өріс, суда өзіндік атрибуттарын сақтап қалуға тиіс.
                       Бұлай  дегеніңіз,  ұшу  кезінде  құстар  ЭМҚ  мен  ЭМТ  әлдік  торабын
                  пайдаланса, онда балықтар суда жүзгенде де соны пайдалануға тиіс.
                       Сонымен,  магнитизм  құбылысын  жоғарыда  қарастырғанымыздай  тоқ
                  құбылысын  да  құстың  ұшуы  мен  балықтың  жүзуіне  бірдей  қатыстыра  қарауға
                  болатын сияқты.
                       Менің есіме осы арада аралармен өткізілген бір тәжірибе түсіп отыр. Онда
                  мынадай көріністі тәжірибе ұйымдастырушы ғалымдар байқаған: егер ЭМӨ әлдік
                  атрибуттары күшейтілген ортада металл ыдысқа бал салып, оның үстіңгі бетінде
                  кішкентай – иненің жуандығындай тесік жасаса (металл – алюминий болса керек,
                  меніңше), онда балдың иісін сезген аралар саңылаудың жанын үңгіп тесігін өздері
                  сиятындай  етіп  үлкейтіп  алған.  Тоқ  шамасын  және  кернеуін  күшейткен  сайын
                  аралардың қимылы жітілене түсетінін бақылаушы адам бірден байқайды, ал тоқты
                  алып тастасаң, онда аралар тесікті жағалап, шабан қимылдап, істері өнбейді, бірақ
                  жалғаса  береді.  Осы  тәжірибеден  түйеріміз:  аралар  ұшуына  да,  қимылына  да
                  электр-магниттік тоқтан қосымша қуат, әл алады екен.
                       Ал, құс пен балық ше, ондайға қабілетсіз бе?..
                       Бұлай болуы мүмкін емес. Өзімнің еңбегімде дәлелдеп көрсеткенімдей және

                  ақпаратнама  қағидаларына  жүгінсек  [57],  және  де  Н.  Мәженовтің  еңбегіне
                  сүйенсек  [58],  құс,  балық  түгілі  Ғарыш  кеңістігіндегі  планеталар,  жұлдыздар,
                  олардың серіктері бір-біріне тартылады, немесе бір-бірін итереді, ал бұл күш (осы
                  күнге  дейін  физиктер  оны  гравитациялық  күш  деп  есептейді)  –  электрлік  һәм
                  электр-магниттік  күш  екеніне  біздің  күмәніміз  жоқ.  Осы  арада  Казимир  ерен
                  құбылысын  еске  түсірсек  те  жеткілікті.  Бұл  құбылыс  орын  алуы  үшін
                  гравитациялық толқындырдың болуы міндетті емес!..
                       Демек,  құс  пен  балық,  әрине  басқа  да  тіршілік  иелері  осы  электр-магнит
                  күшін, қуатын игіліктеріне жарата отырып жаратылған, сондықтан олар өздерінің
                  әсіре жіті қимылдарын табиғат күштерімен, құбылыстарымен әрқашан өз тіршілік
                  ортасында  сыбайластырып,  сабақтастырып  отырмақ,  -  бұл  біле-білгенге
                  тіршіліктің,  тіршілік  иесінің  өз  болмысымен  бітеқайнасқан  өзтүйткілік  қасиеті
                  [59],  міне,  жоғарыдағы  a,  b  гипотезаларының  мәні  –  осы.  Біз  оны  табиғи
                  ақпараттың  материалданған  һәм  бейматериалданған  және  де  идея  һәм  материя
                  нышанды түрлерінің өзіндік өзтүйткілігі деген болатынбыз [57], [59], ал соған


                                                                  49
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55