Page 53 - Теория кавитации
P. 53
өзінің тікелей мағынасында: байланыс, дәнекер деген мағынада қолданбақпыз,
«тәңірілік – тенгрианство» сөзін неологизм түрінде ежелгі түркілік дінін зерттеген
Батыс және орыс ғалымдары айналысқа енгізіп, XIX-XX ғасырларда қолданған.
Ескертулер: Әлбетте, хабар алмасудың арқандық тәсілінің – АТБ-АТ өзіндік
«хакерлері» пайда болуы әбден ықтимал, бірақ олар нағыз көріпкелдерден ғана
табылмақ, ал олардың мұндай табиғи қабілетіне тосқауыл қоям деушілік – бос
әурешілік... Тағы бір ескеретін жәйт: арқандық тәсілдің далалық тарихы, яғни
біздің қазір өмір кешіп отырған Еуразия алқабындағы «жүріп өткен жолы» өте-
мөте қызғылықты және де сонау адамның жартылай тағылық күйіндегі бағзы
заманнан (осыдан ондаған миллион жылдар бұрын) бастау алады екен [60]. Демек,
арқандық тәсілдің (АТ) біздің арғы бабаларымыздың қолынан шыққан Ұлы игілік
екенін ескере отырып, біз оны бүгінгі күннің де игілігіне айналдыруға бетбұрыс
жасап отырмыз. Сөйтіп, ол ертеректен «төрт-аспап» болған болса, ендігіде нағыз
«бесаспап» болатындай етпек ойдамыз...
4.4 Көпіршік-ату құбылысы мен үдерісінің байланыс технологиясы
һәм телекоммуникация жүйелерінде қолданыс табуының мысалы
Осы бөлімшені 4-семинарда Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ ФТФ РЭТ
кафедрасының профессоры Е.Қ. Сағындықовтың қойған сұрағына жауап беруден
бастағанды жөн көріп отырмыз.
СҰРАҚ:
Электр-магниттік сәулеленуді көпіршік-ату ұғымы арқылы түсіндіріп,
бейнелеуге болады екен, онда ақпарат тарататын және қабылданатын радио
сәулеленуді – радиотолқынды осы кавитациялау көмегімен күшейтіп, кейбір
байланыс пен телебайланыс ісінде шешілмей келе жатқан мәселелерді шешуге
болмас па екен? Мысалға, екі сүңгуір қайық арасындағы радиобайланыс көңілді
көншітпейді; екінші мысал әуе кеңістігі арқылы радиобайланыс орнатқанда да
кеңістіктің кейбір жоғарғы қабаты шағылыстырғыш экран рөлін атқарады, яғни
таратқыштан жолданған радиодабыл осы қабатқа шағылысып, қабылдағышқа
қарай бағытталады, міне осының салдарынан радиоимпульс өте әлсіреп кетеді,
тіптен, жоғалып та кетеді, сондықтан да кавитация соны болдырмауға –
радиодабылдың әлсіремеуіне, жоғалмауына септік жасай ала ма?
ЖАУАП:
Жауапты осы сұрақтан бастап беріп көрейік. Көпіршік-атуды ескерсек, ондай
мүмкіндік болуы әбден ықтимал: ол үшін радиодабылды тасымалдаушы ЖЖ-ҚТҚ
(Жоғарғы жиілікті құбылмалы тербелмелі қозғалыс) түріндегі кавитиондық
үдерісті және де оны әрқашан қоршап, бірге қозғалып отыратын өрісімен қоса
әрекеттенетіндей жағдай туындату керек және де сол жоғары жиіліктің өзін,
амплитудасымен қосып таңдай отырып, қимылдаған абзал. Мінеки, сонда осылай
52