Page 58 - Теория кавитации
P. 58

Ғарыштық-жатпланеталық  Жер  Адамы  сатылары,  яғни  келесі  екі  саты  ретінде
                  табиғи жалғасын табады деген ойдамыз.

                        5.1 Вернадскийдің ноосферасы ноосфероидтарды, ал Әубәкірдің
                        кавитиондары 21-ғасыр кавитиондық адамдарын туындатпақ

                        Задында,  Адамның  нәсілдік  түрлерін  –  формациялық  саты  түрлерін
                  ұлғайтып,  адамзаттың  Жер  беті  өркениетінің  ұзын-сонар  тарихындағы
                  тіршілігінде  қоғамдық-әлеуметтік  іс-әрекеттерінің  көптігін  ескере  отырып,  1-2
                  ондыққа  шейін  жеткізуге  де  болар  еді.  Бірақ-та,  біз  бұл  қызғылықты  болып
                  көрінетін идеядан саналы түрде бас тартамыз. Соның есесіне бір ғана, бірақ өзіміз
                  көптен  шұғылданып  жүрген  ғылымдармен  тікелей  байланысты  Адам  нәсілінің
                  қосарлы  саты  түрін  ұсынбақпыз:  ол  “ноосфера”  һәм  “көпіршік-ату”  екі  ұғымы
                  және    «КАВИТация»  +  «ИОНизация»  сөздерінен  құрастырылған  “кавитион”
                  ұғымынан тұрады [65].
                        В.И. Вернадский, П. Тейяр де Шарден, Н.Н. Моисеев, П.Г. Кузнецов, О.Л.
                  Кузнецов,  Б.Е.  Большаков,  А.Д.  Урсул,  Б.Г.  Режабек,  А.И.  Субетто  және  т.б.
                  ғылым  саңлақтарының  қыруар  еңбектері  арқасында  ноосфера  теориясы  –
                  ноосферология  ғылымы  дамып,  өзінің  әжептәуір  шарықтау  шегіне  жетті  деуге
                  болады [66]-[77], сондықтан әлемнің ноосфералық бейнесі (ӘНБ) туралы әңгіме
                  қозғауға  әбден  болады  ғой  деп  пайымдаймыз,  бірақ  бұл  ғылым  әлі  логикалық
                  тәмамдалуынан алыс дер едік, өйткені бұл ілім болашақ Ғаламды бағындырушы
                  Адам нәсілінің үстелінің үстінде, дәлірек айтсақ, әрдайым қол астында – пультінің
                  жанында  сақталуға  тиіс.  Дей  отырғанмен,  ноосферологияның  микроәлемге
                  бағытталған саласын жасақтау әлі қолға алынған да жоқ, айқын айтылмағанмен
                  бүгінге дейінгі бұл ғылым макроәлемге қарап жасақталып, дамытылды. Демек,

                  оның  екі  саласы  болмаса,  оны  толыққанды  ғылым  деуге  келмейді.  Ақыл-ой
                  сферасы  қаншалықты  кең  ауқымды  болып,  макроәлемді  қамтуға  ұмтылса,
                  соншалықты ол  микро-жақты да  қамтып, Адам баласына  шексіз кіші  Ғаламды
                  игеруге жол ашып, шексіз үлкен Ғаламның макро-ойкумендерін шарлауға Адам
                  нәсілін  қалай  ұмтылдырса,  соның  микро-ойкумендерін  де  солай    игеруге  жол
                  ашуы тиіс.
                        Мінеки, сонда ғана Адам ҚЗ арқасында өзін жаратқан Құдайға ұқсап немесе
                  ТЗ негізінде қалыптасқан ерен құбылыс болып, бәріне әлжетімді болмақ. Біздің
                  осы бапта қабылдаған тұжырымдама үшін Адамның адам болуы ҚЗ ме, әлде ТЗ
                  ме маңызды емес.
                        Дегенмен  де,  ноосферологияның  бүгіндері  жеткен  биігі  ноосферойдтар  –
                  тектік  дамуда  ерекше  көрінген  адамдар  жайлы  айтуға  жеткілікті  деп  те
                  пайымдаймыз:  ноосферойд-бабатек  –  бұл  Владимир  Вернадский  (noospheroyd-
                  ancestor),  ноосферойд-0-нөмірлі  –  Юрий  Гагарин  (noospheroyd-zero-No.),
                  ноосферойд-1-нөмірлі – Тоқтар Әубәкіров (noospheroyd-first-No.)...

                                                                  57
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63