Page 62 - Теория кавитации
P. 62
5.3.3 Homo noospherus-cavitionus
Құдай адамды өзіне тұрпаттас, ұқсас етіп жаратқан. Құдай құдіретті – бәріне
әлжетімді және құзыретті, сондықтан ол өзі қалаған жерде алдымен Адамды
жаратты, сонан соң соның қабырғасынан Хауаны жаратты, Құдай заңы (ҚЗ) бұл
құбылысқа жер экваторын таңдапты-мыс. Сол ҚЗ сәйкес тыйым салынған
жемістің бұл екі тіршілік иесі алманың дәмін татады (яғни, олар ҚЗ қайшы
әрекетке барады, міне “тыйым салынған дәм” – осындайдың болуының өзі әйтеуір
бір заңдылық бар дегенге мегзейді емес пе? – Бұл біздің ойымызша, әрине!).
Сөйтіп, Жарық Дүниеге келмей жатып, ҚЗ бірден бұзған, онымен қоймай, Адам
мен Хауа жұптасуға дейін барған. Құдай тағала аса кешірімді ғой, олардың
нәрестесінің Жарық Дүниеге келуіне кедергі жасамай, керісінше, мейлінше
жәрдемдеседі, яғни Адам мен Хауаға жан дарытумен қоса, олардың болашақ
нәрестесіне Құдай “тіршілік ұшқыны” түрінде өзінің “Құдайы жарығымен” дем
салады, сол мезетте еркектің жыныс жасушалары (ғылыми тілде –
сперматозойдтар – АтЖЖ) әйелдің жыныс жасушасымен (АнЖЖ) шағылысып,
АтЖЖ біреуі АнЖЖ қауызын жарып, ішіне енеді, сол мезетте тіршілік
ұшқындары жарқ-жұрқ етіп (фейерверк іспеттес) АнЖЖ қалташаларынан мырыш
атомдары мен иондары жанартаудан атқылағандай болып шығады. Содан кейін
алғашқы бірнеше күнде бластоцист жасушасы қалыптасып, трофэктодерм
түріндегі мембрана-жасушалық қабықшамен көмкеріліп, түзіле бастайды. 8-9
күннен кейін бұл алдын ала жасуша әйелдің жатырына еніп, соның қабырғасына
бекиді, сөйтіп болашақ адамның эмбриондық жасушасы қалыптаса бастайды.
Бұл қазіргі Адамның ең алғашқы нәсілінен бастап, біртіндеп-біртіндеп
қалыптасуы мен дамуының бастауы болды да, ұзын-сонар тарихи кезеңдерден
нәсілдік түрлерін дамытып, жаңғыртып жетті: (әрі қарай латынша – осы
сөйлемнің соңына дейін) Ректус (бойын тіктеп жүруші Адам), Gumanoyd
(алғашқы Адам), Homo sapiens (саналы Адам), Mus intellektus (зерделі-санатты
Адам), Homo ekonomikus (экономиканы меңгерген Адам), Mechanicus Homo
(ӘМБ игерген Адам), Technologies Homo (техника мен технологияны меңгерген
Адам), Homo noospherus-cavitionus (ӘНБ және ӘКБ игерген Адам), Homo
kosmosus (ғарышты игерген Адам) – Vir terra aliena (Ғаламды бағындырған
жатжұрттық Жер-тектес Адам).
5.3.4 Адам Құдайдың заңы бойынша, соның
тұрпатында, соған ұқсас жаратылған
Ақылға қонымды сұрақ: «Неге Адам Құдайдың өзіндей құдіретті – бәріне
әлжетімді емес!». Біз тек киелі жазбалар мен дінге ғана емес, сонымен бірге
ғылымға және сол ашқан заңдарға жүгінеміз, яғни ҚЗ мен ТЗ тәуелдіміз. Ғылыми
заңдарға келер болсақ, біз оларды «табиғи заңдылықтар» деп атайтын боламыз,
61