Page 67 - Теория кавитации
P. 67
цунами мен циклондарда, найзағай мен күн күркіреулерде, жанартау
атқылауларында, қара апандар – квазарлар, пульсарлар, джеттер және т.б.
жұлдыздарда болып жататын жойқын жарылыстарда олар нақтыланады;
Көпіршік-ату бүгіндері көптеген маңызды шешілмеген практикалық
мәселелер мен тапсырмаларды сәтті шешуде үміт күттіретін және сенім
білдірілетін негізгі құбылыс болып табылады [78]-[79], [88]-[91]:
- CNF проблемасы – салқын ядролық синтез, кейде қаражат пен энергияны
орасан зор талап ететін термоядролық синтезсіз-ақ шағын, ыңғайлы энергиялық
қондырғылар жасауға ықпал етіп, соңғысын ауыстыра алады, ал сол CNF
көпіршік-ату құбылысына тікелей тәуелді;
- ауыз су тапшылығын жою үшін теңіз бен мұхит суларын тұзсыздандыру
проблемасы;
- қарасуды ауыз су ретінде ішуге болатындай залалсыздандыру және тазарту
мәселесі;
- инновациялық IHS – ИЖЖ қолданыстағы EHS – ЭЖЖ толығымен ауыстыру
мәселесі;
- бірқатар салаларда плазманы қауіпсіз пайдалануды бақылау һәм басқару
мәселесі;
- кез-келген жүк көтергіштігі бар кез-келген қашықтыққа абсолютті қауіпсіз
ұша алатын аппараттарды жасау мәселесі: экранды-ұшақтар, плазма-ұшақтар,
кавитион-ұшақтар, электрмагнитті-ұшақтар және т.б.; P/S: Осы құрал жарыққа
шықпай жатып, Француз физик-экспериментаторлары нейтронизацияланған
металл түріндегі сутек күйін зертханада жасауға қол жеткізді, ол әсіре өткізгіштік
қасиеті арқасында болашақ электроникада һәм зымырандық отын ретінде кәдеге
жарайды деп күтілуде: www.gizmodo.com; [Вадим Макаренко. Учёные создали
(сверх)проводник будущего. На это ушло почти 90 лет// 30 тамыз 2019. Сайт –
http://4pda.ru/2019/06/30/358697/?utm_referrer=https%3A%2F%2Fzen.yandex.com]
- барлық жерде және кез-келген жағдайда адам іс-әрекеті мен тіршілігіне
қажетті жерде сирек кездесетін химиялық элементтерді бағдарламалы түрде
басқарылатын транс мутация әдісі арқылы өндіру және пайдалану мәселесі;
- генетика мен медицинада биотехнология һәм нанотехнологияны қолдана
отырып, жануарлар ағзасындағы, соның ішінде адам ағзасындағы бағдарламалы
түрде басқарылатын транс мутация әдісін жарату мәселесі;
- электр-магнитизмді жаңаша көпіршік-ату теориясы тұрғысынан түсіндіру –
байланыс технологиясы мен телекоммуникациялық жүйелерге тың серпін беріп,
инновациялық тәсілдер мен құралдардың жаңарған түрлерін жасақтауға жол
ашпақ.
(5-бап материалы үшін негізгі сілтеме [92]: Д.Ә. ӘУБӘКІР. ¼-Ғасыр ноосфералық-
кавитиондық адамы – Homo noospherus-cavitionus quarta saeculi// Блогқа жазылды: Massaget
Порталы: 25 шілде 2019, 08:18. https://massaget.kz/blogs/25715/)
66