Page 69 - Теория кавитации
P. 69

ГЛОССАРИЙ: құрал бойынша жаңа терминдер – неологизмдер мен ұғымдар:
                      - абсолютті таса байланыстың арқандық технологиясы – автордың араласуымен 2003
                  жылдан бастап, жасақталып жатқан жер астынан басқарылатын жаңа байланыс технологиясы;
                      -  Адам,  ноосфералық-кавитиондық  –  ғарышты,  жалпы  Ғаламды  алыс-жақын  демей,
                  игеруге, басқа ғаламшарларға қоныстануға бетбұрыс жасайтын XXI ғасыр Адамы;
                      -  аналық  жыныс  жасушасы  –  кавитионның  сi2  түрі  кең  көрініс  табатын  жыныстық
                  жасушалар шағылысында орын алатын АнЖЖ: сi2-найзағай, сi2-жанартау, сi2-транспорт;
                      -  аталық  жыныс  жасушасы  –  кавитионның  сi2  түрі  кең  көрініс  табатын  жыныстық
                                                                          +
                                                                      +
                  жасушалар шағылысында орын алатын АтЖЖ: Na /K -АТФаза синтезі жүзеге асатын ұғым;
                      - атомның кавитиондық нобайы – атомның өзін көпіршік деп қарастыратын жағдай;
                      - әлемнің ноосфералық-кавитиондық (ғылыми) бейнесі – ӘҒБ-ның жаңғырған түрі;
                      - әлемнің ноосфералық-кавитиондық нобайы – дүниені осы 2 тұрғыдан зерттеу нобайы;
                      - бластоцист – көпіршік-ату ұғымымен байланыстырып, эмбрион алды кезеңді білдіреді;
                      - Жарық Дүние, кавитиондық – бұрындары қалыптасқан ЖД ұғымының кавитионның
                  араласуымен қалайша түзілетінінің жаңғырған көрінісі; Күңгірт Дүниеге кереғар ұғым болмақ;
                      -  жоғарғы  жиілікті  құбылмалы,  тербелмелі  қозғалыс  –  фотон,  электрон  секілді  ЭБ
                  кавитионға айналып, жарық, электрлік, магниттік құбылыстарды және ЭМТ, ЭМӨ туындатуы;
                      - кавитион – көпіршік-атудан туынды неологизм, микро-әлем, макро-әлемде рөлі өте зор;
                      - кавитион, дербес – электрон бір энергетикалық деңгейден екіншісіне өткенде түзіледі;
                      - кавитионның түрлері: сi1, сi2, сi3 және сi4 – сi1, сi2 микро-әлемдегі, ал сi3, сi4 макро-
                  әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді зерттеуге арналған және солардың кейбірін туындатады;
                      - кавитион-ұшақтар – заманауи иондық қозғағыштарға ұқсас кавитиондық қозғағыштар
                  жасалып, соларды пайдаланып ғарышқа, Ғаламның алыс-жақын түкпірлеріне ұшатын ҰА;
                      - көпіршік-ату – бұрыннан тек кейбір мамандарға ғана белгілі кавитацияның жаңа ұғымы;
                      - көпіршік-ату күші – көпе-көрнеу тылсым кұш болғанымен, ғылыми категория ретінде
                  мамандар мойындамай келген түбегейлі табиғи күш, КАК бүлдіргі де, жасампаз да бола алады;
                      - көпіршік-ату теориясы – ғылыми категорияға айналған көпіршік-ату ұғымы, сонымен
                  байланысты ұғымдарды пайдаланып, табиғи құбылыстарды, үдерістерді зерттейтін ғылым-ілім;
                      - көпіршік-ату энергиясы – еркін һәм практикада аса пайдалы бола алатын энергия түрі;
                      -  Күңгірт  Дүние,  кавитиондық  –  жоғарыдағы  ЖД  ұғымына  антипод  күңгірт  фотон,
                  электрон және басқа да күңгірт ЭБ, құрауыштардан, жалпы күңгірт материядан тұратын дүние;
                      - Құдай заңы – адамның Адам болуындағы діни көзқарасқа сүйенгенде жүгінетін ұғым;
                      - күңгірт материя – сыры бүгінге дейін беймәлім, бірақ ғалымдар іздеу салып жатқан зат;
                      - магнитион – күңгірт фотон, күңгірт электрон, яки – фотион, электион (неологизмдер)
                  ұғымдарынан туындайтын, электр-магниттік ұғымдарға: ЭМ, ЭМТ, ЭМӨ негіз болар ұғым;
                      - ноосферойд – ноосфераны зерттеуде көрінген ғылым, техника қайраткерлерінің атағы;
                      - Ұлы бірегейлік – «Барлығының теориясы» деп те аталатын, бүкіл ТӘК-тің бірегей заңы;
                      - табиғат заңдары – адамның Адам болуын ғылым тұрғысынан негіздейтін заңдылықтар;
                      - (табиғаттағы саны 7-ге жеткізілген) түбегейлі әсерлесу күштері – бүгінгі күнге дейін
                  табиғи 5 күштің басын біріктірген, ендігіде ондай күштер 7 болатын ТӘК жиынтығы;
                      -  табиғи  радиациялық  күш  –  ионизацияланатын  сәулелену  –  табиғи  ортада
                  энтропияның қисапсыз өсуіне тежеу болатын еркін энергия туындататын күш (В. Вернадский);
                      - трофэктодерм – көпіршік-атумен байланыстырылған бластоцисттің жасушалық қабығы;
                      - фотион – күңгірт фотон;
                      - фотон-кавитион – кавитионға айналып, жарық құбылысын туындататын ЭБ-неологизм;
                      - электрон-кавитион – кавитионға айналып, электрлік құбылысын туындататын ЭБ;
                      - электион – күңгірт электрон;
                      - эмбрион-алды көпіршік-ату – сi2 түрлі кавитионның қатысуына негізделген бластоцист,
                  соның мембраналық қабығы трофэктодерм ұғымдарының эмбрион алды дамуы нәтижесі.
                                                                  68
   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74