Page 65 - Теория кавитации
P. 65
түрлі күштермен бірге санағанда ендігіде ондай күштер бесеу емес, алтау
болмақ...
Кеңес дәуірінің белгілі академигі В.И. Вернадскийдің ноосфералық мұрасын
зерттеуге Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының және соның
президенті О.Л. Кузнецов басқаратын ұжымның қосқан елеулі үлесі және
Дубнадағы Ноосферология мектебінің жетекшісі, Ресейдегі тұрақты даму
бағытына зор еңбек сіңірген қайраткер, біздің үлкен досымыз Б.Е. Большаковтың
(оның аруағына Алланың сәлемі болсын!) үлесі айтарлықтай.
Әлемнің кавитиондық нобайына – моделіне келетін болсақ, жағдай өзгеше.
Ол Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Ноосфера және Тұрақты даму»
экологиялық білім беру орталығы көпіршік-ату кавитация теориясын –
кавитологияны жасақтаушы профессор Д.Ә. Әубәкірдің жетекшілігімен
ұсынылды.
Әлемнің кавитиондық нобайының (ӘКН) басты ерекшелігі – кавитионның
төрт түрін («КАВИТация» + «ИОНизация» сөздерінен алынған) ci1, ci2, ci3 және
ci4 енгізу арқылы бұл модель микро-әлем (ci1 және ci2) мен макро-әлемнің (ci3
және ci4) арасын жымдастырып, біріктіріп жіберетін көпір іспеттес, сондай-ақ
көпіршік-атудың еркін энергиясын туындататын көпіршік-ату күші табиғаттың
ТӘК дәрежесіне дейін жоғарылайды.
Сонымен, табиғаттың түбегейлі өзара әсерлесу күштерінің санын осылайша
7-ге жеткізу мүмкін болып отыр. Басқаша айтқанда, 7 санының табиғи
құбылыстардағы сакралдығын ескере отырып (7 дыбыстың нота жазба бірлігі,
кемпірқосақтың 7 түс бірлігі, аптадағы 7 күндік бірлік т.т.), табиғат
құбылыстарындағы ТӘК құрамын жетіге дейін көбейтуді ұсынамыз:
«гравитациялық, электрлік, магниттік, әлсіз, әлді ядролық, кавитациялық –
көпіршік-ату және табиғи-радиациялық әсерлесулер күштері». Яғни, ТӘК құрамы
толық болмай «Ұлы біріктіру» болуы мүмкін бе, яки «Барлығының теориясы –
Барлық күштердің теориясы» жасалуы осындай толымды күштер жиынтығынсыз
мүмкін бе еді? Әлбетте – жоқ!
Жоғарыда айтылған табиғаттың табиғи фондық радиациясының күшін ескере
отырып, осындай күштердің санын жетіге жеткізу арқылы ТӘК толықты. Дәл осы
толықтырылған табиғаттың ТӘК түбегейлі өзара әсерлесуінің барлық күштерінің
әмбебап теориясын құрудың нақты мүмкіндігі ендігіде болады деген сенім бар,
яғни А. Эйнштейн бүкіл өмірін сарп етіп, армандаған «Барлығының теориясын»
құруға жаңа эйнштейндер кірісе беріңдер! – демекпіз.
Соңғы болжамында ғылымның әйгілі уағыздаушысы, американдық физик
Митио Каку бұл 2050 жылға қарай болады деп мәлімдеген еді. Бірақ-та, бұл
болжамға өзгеріс енгізіп, осынау келелі мәселені 1-2 онжылдыққа жақындатуға
мүмкіндік туды. Бұл өзі керемет болар еді!
64