Page 63 - Теория кавитации
P. 63

өйткені оларды ғылым жаратқан емес, Құдай жаратқан емес, табиғатты арнайы
                  зерттей  отырып,  ғалымдар  ғылымның  көмегімен  ашқан.  ТЗ  сүйенетін  болсақ,
                  Адам  баласы  Құдайдың  құзыретімен  емес,  белгілі  жағдайлардың  оңтайлы
                  ұйымдасуына  байланысты  биосфера  құшағында  тіршілік  иелерінің  түр-аралық
                  мутациясы арқасында пайда болған және ТЗ сәйкес қалыптасып дамыған, ғылым
                  бұл ерен құбылысты жоққа шығаратын табиғаттан тыс әсерлердің кез келгенінің
                  араласуына жол бермейді.
                        Бірден  ескертейік,  біз  бұл  пайымдауларымызбен  діни  және  ғылыми
                  бастауларды         бір-біріне      қарсы       қойып,       қақтығыстарға         итермелеуге
                  мәжбүрлемейміз, өйткені соңғы 3-4 ғасыр бойы дәлелденгендей, ғылымды дінге
                  қарама-қарсы қою практикасы мүлде үміт артуға болмайтындығын, тіпті мұндай
                  көзқарастың  әлемдік  қауымдастық  үшін  аса  қауіптілігі  Батыс  пен  Шығыс
                  өркениеттерін бір-бірімен қақтығыстырулардан айқын көрініп отыр.
                        Шын мәнінде ғылым мен дін екі жақтылық  – дуализм қағидаты бойынша
                  заңдылық  мәселелерінде  бір-бірін  толықтырады.  Бұл  пікірімізді  осы
                  тармақшаның  басында  қойылған  сұраққа  жауап  қалыптастыру  арқылы
                  негіздегіміз келеді.
                        Иә,  Құдай  Адамды  жаратты  делік,  бірақ  тәуелсіз  өмірінің  алғашқы
                  минуттарынан  бастап-ақ  Адам  өзінің  ниетіне  сай,  ҚЗ  қайшы  қылықтарға  бой
                  алдырған:  Адамның  жер  бетіндегі  өмірге  енуін  жеңілдету  үшін  Құдай  оның
                  қабырғасынан жұп болсын дегендей, Хауаны жаратқан. Әлбетте, Құдай олардың
                  өмір сүру ережелерімен (ӨСЕ) қатар, өмірде не істеуге болады және не істеуге
                  болмайтыны  хақында  бұйрықтарын  да  қоса  дарытпауы  мүмкін  емес.  Біздің
                  ойымызша,  Адам  мен  Хауаның  ӨСЕ  алғашқы  бұзушылықтарының  өздері-ақ
                  оларды мәңгілік өмір сүру құқынан және құдіретті – бәріне әлжетімді болудан
                  айырылуларына әкеп тіреген, яки Құдайдың жазасы дереу және тұқым қуалайтын

                  сипатта болды, демек, ҚЗ күшін адамзаттың барлық ұрпақтары әрдайым сезініп
                  келді және бүгіндері де сезінуде. Кім біледі, ақыр соңында Құдай мейірімділікке
                  қайта  ие  болып,  Адамды  өлместік  және  бәріне  әлжетімділігін  –  құдіреттілігін
                  қалпына келтіру құқықтарын қайтарады деп дәмеленеді – барша адамзат, сол үшін
                  бүгінге  шейін  Құдайына  құлшылық  етуін  тоқтатқан  емес.  Дегенмен  де,  сол
                  адамзаттың әжептәуір бөлігі алғашқы жазадан гөрі, Құдай алдында одан да зор
                  жазаға лайық па дерсің, өйткені бұндайлардың пиғылы барша адамзатпен қоса,
                  бүкіл Жер өркениетін жою...
                        Мұндайда біз табиғат заңдылықтарына жүгінуіміз керек – ТЗ.

                        5.3.4.1 Ескерту: ТЗ деп біз табиғат құбылыстарына қатысты барша ғылымдар
                  аясында  ашылған  барлық  ғылыми  заңдылықтардың  жиынтығын  айтамыз.
                  Осылардың негізінде біраз белгілі әлемнің ғылыми бейнелері қалыптастырылған:
                  Ньютонның  есімімен  байланысты  ӘМБ  –  әлемнің  механикалық  бейнесі,
                  Эйнштейннің  есімімен байланысты ӘРБ – әлемнің релятивистік бейнесі және т.т.
                  Дегенмен де, кей жағдайда іргелі зерттеулер уақыт сынынан өткенімен, осындай
                                                                  62
   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68