Page 59 - Теория кавитации
P. 59
5.1.1 Көпіршік-атуды Адам ХХІ ғасырдың 2-ширегінде
нақтылы қабылдайды және де сонымен қаруланады...
Неліктен білетін адамдар арасында «көпіршік-ату» ұғымы «ноосфера»
ұғымымен салыстырғанда, пайда болуы әлдеқайда бұрын белгілі болғанмен (кем
дегенде жарты ғасыр!) «көпіршік-атуды» ұзақ уақыт бойы адамдар қабылдамай
келді және де бүгінде бұл екі ұғымның кең таралуын қалай түсіндіруге болады?
Көпіршік-ату ерен құбылысының (КА-ЕҚ) табиғи ортада жағымсыз
көріністері көп [78]-[80]:
- біріншіден, торнадо мен дүлей құйынның өте деструктивті көріністері
негізінен КА-ЕҚ-ға байланысты, өйткені КА-ЕҚ әсерінен әртүрлі бағытта
шашырап ұшқан торнадоға тап болған құрылымдардың бөлшектері үлкен
жылдамдық пен күшке ие болады, атап айтқанда, ағаш жаңқалары кірпішке,
металға еш күйместен еніп кететін көрінеді;
- екіншіден, жер бетіндегі жанартаудың ояну көріністері мен табиғи
атқылаулардың барлық түрлері, дәл солай басқа планеталарда, жұлдыздарда, ҚА
– қара апандарда, әрине, КА-ЕҚ-мен бірге жүреді, соның салдарынан жансыз
табиғаттағы элементтер трансмутацияға ұшырайды;
- үшіншіден, ядролық синтезбен қатар, тірі ағзаларда трансмутрация жүруіне
жауапты себептердің бірі тағы сол КА-ЕҚ;
- төртіншіден, көпіршік-атудың мән-мағынасы жайлы біздің түсінігімізді
және білімімізді кеңейту үшін кеңестік дәуірдің ғұлама ғалымы В.И.
Вернадскийдің қоршаған ортада табиғи радиациялық фонның (ТРФ) –
ионизациялаушы сәуле күшінің қосымша энергия (еркін энергия мағынасында)
туындатуы, соның айналадағы энтропияның қисапсыз өсуіне тежеу болатыны
және де қоршаған орта заттарын трансмутацияға ұшыратуы туралы айтқан белгілі
тұжырымдамасын бір жағынан еске ала отырып, екінші жағынан соған қосымша
біз өз тұрғымыздан тұжырымдама жасамақпыз: «көпіршік-ату, атап айтқанда,
КА-ЕҚ және КА-EҚҚ (көпіршік-атудың ерен құйындық құбылысы) дәл солай
табиғи ортада қосымша еркін энергия туындатады, сөйтіп термодинамиканың
Екінші бастауларында дәлелденетін энтропияның қисапсыз өсуіне тежеу
болатын және де заттардың трансмутацияға ұшырауына әкеп соғатын екінші
күш – КАК болады!». Мұндағы КАК – көпіршік-ату күші. Біздер бұл пікірге Ранк-
Хилш құбырымен және электро-гидравликалық термо-камерамен ширек
ғасырдай тәжірибелер жасау барысында бекіндік және де тұтастай алғанда, бұның
өзі КА-EҚҚ мен құйындық көпіршік-ату үдерісінің қандай артықшылықтары
барын білдіреді [78].
Біз шамамен 25 жыл бойы «Интенсивті жылыту жүйесі – IHS» инновациялық
жылыту технодлогиясымен жұмыс істеп жатырмыз, ол болашақта қолданыстағы
өзінің барлық оң сипатын жойып, “нашарлай бастаған” – теріс сипаттарын
көбейтіп алған. «Экстенсивті жылыту жүйесін – EHS» алмастырады. Осы уақыт
ішінде біз IHS қағидалық негізін құрайтын көпіршік-ату құбылысы мен үдерісін
58