Page 64 - Теория кавитации
P. 64

айшықты  ғылыми  бейне  түрінде  ескерілмей  қалтарыста  қалып  та  жатады,
                  мысалға,  Резерфорд-Бор  қос  есімімен  байланыстырып,  қолданысқа  әлемнің
                  атомдық-планетарлық  бейнесін  –  ӘАПБ,  Планк-Шрёдингер-Гейзенберг-Дирак
                  төрттік  есімімен  байланыстырып,  қолданысқа  әлемнің  кванттық-механикалық
                  бейнесін – ӘКМБ енгізген дұрыс болар еді.
                        Соларға  қоса,  осындай  сапаға  Вернадский-Аубакир  қос  есімімен
                  байланыстырып,  қолданысқа  әлемнің  ноосфералық-кавитиондық  бейнесін  –
                  ӘНКБ енгізіп, осы бапта айтылған бүкіл идеяларды соның тұрғысынан талқылап,
                  тұжырымдамалар қалыптастырған құба-құп болар деген ойдамыз...

                        5.3.4.2 Заң – заңнан, бейне – бейнеден оқшаулау болар...

                        Адамның «үнемі өзгеріп-теңселіп тұратын әлемде» орнын анықтау үшін тек
                  ҚЗ жеткіліксіз, әсіресе егер біз адамның биологиялық, әлеуметтік, рационалды,
                  планетарлық  және  ғарыштық  құбылыс  ретінде  нәсілдік  даму  кезеңдері  туралы
                  айтатын болсақ. Міне, Адамның нәсілдік даму кезеңдерінің толық емес тізімі: бой-
                  тіктеген, гуманойд, гомосапиенс, интеллектуалды, технократтық, экономикалық,
                  ноосфералық-кавитиондық,  ғарыштық-жатпланеталық,  ...,  құдайы-құдіретті  –
                  бәріне әлжетімді...
                        Әрине,  біз  таңдаған  тұжырымдама  бойынша,  Адам  –  бұл  Құдай  жаратқан
                  ерен феномен.
                        Осылайша, адамзат нәсілінің тарихы «бастапқы өз жай-күйіне оралады» (1-
                  сур.),  дегенмен  оның  табиғи  мәні  мен  дені  ТЗ  –  табиғат  заңдылықтарына  да
                  жүгінеді, соларға да тәуелді, яғни Адам бұл тұрғыдан қарағанда, табиғи құбылыс:




                                                      ҚЗ
                                                                                   ТЗ



                                                      1-Сурет. Айналма диаграмма.

                        Біз ХХІ ғасырдың екінші ширегін – ¼-ғасырды Ноосфералық-Кавитиондық
                  Адамның  (НКА)  нәсіліне  тағайындаймыз:  адамзат  өзінің  ноосфералық  мәнін
                  толық  түсініп,  қабылдауы,  Вернадскийдің  ноосферасы  туралы  ілімнің  іргелі
                  ережелерін мойындауы керек, сонымен қатар оның мәртебесі тұрғысынан табиғи
                  радиациялық фон – ионизациялайтын сәулелену күшін түбегейлі әсерлесу күші
                  ретінде  қабылдауы керек.  Сонымен  де, баршаға белгілі  ТӘК құрамындағы  бес




                                                                  63
   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69