Page 68 - Теория кавитации
P. 68
Қорытынды. Құралды қорытындылай отырып, болашақ оқырмандарға осы еңбектің
кейбір ерекшеліктеріне түсіністікпен қарауға авторлық кеңес беремін:
- біріншіден, әу бастан бұл еңбек оқулық емес, тек оқу құралы, яғни қосымша түрде
қолданылатын ғылыми-практикалық мәндегі семинарлық талқылаулар мен жарияланымдар
жинағы ретінде ойластырылып, солардан құрастырылды;
- екіншіден, көпіршік-ату теориясы, пәні дегендер бүгінгі таңда жоқ дүниелер
болғандықтан, бұл бағытта еңбекті болашақ көпіршік-ату теориясына кіріспе деп қабылдаған
жөн; сондықтан да, мұнда жүйеленген пән әдістемесі, зерттеу құралдары, тіптен, сол пәнінің
анықтамасы мен зерттеу нысаны – зерзаты деген ұғымдар қалыптасып болмаған; бұның бәрі
жақын болашақта жасақталуға тиіс;
- үшіншіден, солай деп отырғанмен, көпіршік-ату теориясының нышандары мұнда мүлде
жоқ деуге де болмайды, өйткені: «көпіршік-ату» – «кавитация», «кавитион» деген ұғымдар
ғылыми категорияға айналдырылып, «көпіршік-ату күші» мен «көпіршік-ату энергиясының»
табиғи ортада ерен құбылыс ретінде алатын ерекше орны мен рөлі, «кавитионның» – туынды
неологизм түрінде микро-әлем мен макро-әлем орталарындағы, жасушалық деңгейдегі
түбегейлілік әсер, әрекеттері; әсіресе оның жарық, электрлік, магниттік, яки электр-магнитизм
құбылыстарды жаңаша түсініп-білуге және радиотолқын ұғымы, өріс ұғымының ғылыми-
практикалық тұрғыдан нағыз табиғатын ашудағы рөлі айқындалды;
- төртіншіден, «көпіршік-ату күші» мен «көпіршік-ату энергиясының», әсіресе
«кавитионның» жаңғырмалы технологияларда алатын орны һәм рөлі барынша айшықталды,
егер бұрынырақ бұл ұғымдырдың техниканы бүлдіруі, табиғи ортада, қалалар мен елді
мекендерді қирату, жайпау, материалдық шығындар мен тірі дүниені опатқа ұшырату, соның
ішінде адам өмірін қию секілді жойқындық әрекеттерімен көбірек белгілі болса, ендігіде бұл
категориялардан жасампаздыққа бейім нәтижелерді адамзатқа сыйлайтын сипаттарды
әлдеқайда бай, мығым түрде көру бұйырып отыр; еңбектің басты құндылығы да осында деп білу
керек; соның біразын жоғарыдағы соңғы 5.3.5 баптан айқын байқауға да болады; инновациялық
технологияларды жасаушылар мен стартап жобаларды жасақтаушыларға қажет қағидалық негіз
– іргетас боларына сенімдіміз;
- бесіншіден, фундаментализм – түбегейлілік тұрғысынан «көпіршік-ату күші» мен
«көпіршік-ату энергиясының» табиғи энтропияның қисапсыз бүкіл биосфера үшін қатерлі
өсуіне табиғи радиациамен қатар тежеу болатынын дәлелдеп бақтық – бұл біле-білгенге
табиғаттың түбегейлі әсерлесу күштерінің бұрыннан белгілі: гравитация, электрлік, магниттік,
әлді және әлсіз ядролық – бесеуінің құрамына осы екі күшті де қосу қажеттігі егжей-тегжейлі
тиянақталды, сонымен де, ендігіде табиғаттың түбегейлі әсерлесу күштерінің саны 7 болмақ;
- алтыншыдан, осы еңбектің жарияланбай-ақ тағы бір нәтижесі деуге келерлік мәселеге
байланысты күңгірт материя, күңгірт фотон (фотион), күңгірт электрон (электион) және
магнитион, жалпы Ғаламның 25 % құрайтын кавитиондық «Күңгірт Дүние – КД» табиғатына
арналған мақала: [Д.Ә. ӘУБӘКІР. Табиғи магнитизм құбылысын көпіршік-ату һәм кавитион
категориялары арқылы қайта негіздеу. Күңгірт фотон, электрон, магнит – қараңғы дүние//
25 тамыз 2019, 16:44. Блогқа жазылды: Massaget Порталы – https://massaget.kz/blogs/25746/].
Яғни, мұнда біз КД ЭБ: «фотион», «электион» және «магнитион» деген неологизмдер енгіздік.
Мінеки, осындай ерекшеліктер құралды қолданғанда ескерілуі керек.
Бүгінгі таңда «көпіршік-ату» (біз кавитацияны осылай қазақшаладық!) құбылысы мен
үдерісі көп заманауи технологиялар жасақтауда қолданылуда. Технологтармен қатар ғалымдар
да тыңғылықты айналыса бастады. Шынтуайтына келсек, осы ұшан-теңіз зерттеулерде бірдеңе
жетіспейді: бүгінге шекті «көпіршік-ату» ғылыми категорияға айналмай, эмпириялық деңгейде
ғана зерттелуде, өйткені КАК, КАЭ жай ғана ұғым емес, түбегейлі категория екені еленбеуде!
Тағы бір себеп: магистранттар, студенттер ғылыми мақала жазуға мүлде дағдыланбаған,
сондықтан да, мен осы еңбегімді жарияланған өзіміздің мақалалардан өзгертпей құрастырдым!
67