Page 66 - Теория кавитации
P. 66

5.3.5 Ноосферология мен кавитология адамзатқа қандай ұлы
                        жасампаздықтар ұсынады:  ноосфералық білім, техника һәм
                        технология, көпіршік-ату және әлемнің кавитиондық нобайы?

                        ХХІ ғасырдың қазіргі ¼-ғасырының аяғына дейін көпіршік-ату мен құйынды
                  көпіршік-ату ерен құбылыстарының әсерімен қоршаған ортада болып жататын,
                  сондай-ақ әлемнің кавитиондық нобайымен байланысты көптеген сындарлы істер
                  басталды; адамзаттың осы бағыттағы ауқымды әрекеті ХХІ ғасырдың келесі ¼-
                  ғасырында басталып, келесі ширектік кезеңдерде жүзеге асырылады:
                        -  ХХ  ғасырда  басталған  ноосфералық  дәуірде  НБ-TT  іске  асырылуы  ХХІ
                  ғасырда жалғасады, солардың негізінде ноосфералық-кавитиондық Адам Айды,
                  Марсты  игеріп,  Күн  жүйесінің  басқа  ғаламшарларын  және  олардың  серіктерін
                  зерттеу технологиясын іске асырады, сонымен қатар алыс ғарышқа – Ғаламның
                  терең және аса терең ойкумендеріне ұшу технологияларын жасақтайды;
                        - «Ұлы біріктіру – бірегейлілік» атқарылады, яғни «Барлығының теориясы»
                  жасалады [56], [80];
                        -  фотонның  тағы  бір  жаңа  мүлде  бөлек  нобайы  және  оның  функциясы
                  кавитионның сi1 түрінің көмегімен анықталды, бұл нобай фотонның байланыс
                  және телекоммуникация жүйелерінде қолданылуын кеңейтпек [83];
                        -  электронның    тағы  бір  жаңа  мүлде  бөлек  нобайы  мен  электрлік
                  құбылысының табиғаты кавитионның сi1 түрінің көмегімен анықталды, бұл нобай
                  фотонның  байланыс  және  телекоммуникация  жүйелерінде  қолданылуын
                  кеңейтпек [83];
                        -  фотоэлектрлік  эффекттің  басқа  бұрынғыдан  бөлектеу  табиғаты

                  кавитионның сi1 түрінің көмегімен анықталды [81]-[82];
                        -  магнитизмнің  шынайы  басқа  табиғаты  мен  функциясы  кавитионның  сi1
                  түрінің  көмегімен  анықталады,  нақтылана  түседі,  бұл  табиғат  магнитизмнің
                  байланыс және телекоммуникация жүйелерінде қолданылуын кеңейтпек [84];
                        - атомның құрылымы мен табиғаты – бүкіл болмысы кавитионның сi1 түрінің
                  көмегімен қайта қаралады [81]-[82];
                        - кавитионның сi1, сi2 және сi3 түрлерінің көмегімен кванттық физика – бір
                  жағынан  (микро-әлемді  зерттейтін!),  кәдімгі  физика  –  екінші  жағынан  (макро-
                  әлемді  зерттейтін!)  ғылымдары  арасындағы  айырмашылық  жойылады  да,  екі
                  әлемге ортақ жалпы физика қалыптасады (Войцех Зурек: «кванттық дарвинизм»);
                        -  кавитионның  сi2  түрінің  көмегімен  жануарларда,  соның  ішінде  адамда
                  эмбрион  алды  кезеңдегі  жасушалық  деңгейде  метаболизм  механизмі  қайта
                  қаралады [86]-[87];
                        - кавитионның сi3 және сi4 түрлерінің көмегі арқылы КА-ЕҚ және КА-ЕҚҚ
                  торнадо сияқты табиғи құбылыстарға қатысуы, олар мезгіл-мезгіл мұхит елдеріне
                  (Океания) қиратулар мен құрбандықтар әкеледі, сондай-ақ ең күшті дауылдарда,
                                                                  65
   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71