Page 61 - Теория кавитации
P. 61

5.3 Әлемнің кавитиондық нобайы бүкіл адамзатқа
                        қайда болмасын ұлы жасампаздықтар ұсынады

                        5.3.1 Әлемнің кавитиондық нобайы –
                        осы сападағы нобайлардың ең жаңасы

                        Әлемнің  кавитиондық  нобайын  –  моделін  (ӘКН)  бүгінде  әлемнің  соңғы
                  ұсынған  ғылыми  бейнесінің  (ӘҒБ)  негізі  деп  мәлімдейтінімізді  жариялап
                  қойғымыз  келеді.  Егер  әлемнің  релятивистік  ғылыми  бейнесін  (ӘСБ)  әлемнің
                  релятивистік нобайы (ӘСН) арқылы түсіндіріп, алдыңғы бейне деп қабылдасақ,
                  онда әлемнің кавитиондық ғылыми бейнесін (ӘКБ) ӘКН көмегімен түсіндіруге
                  болатын кезектегі әлемнің ғылыми бейнесі деп қабылдауға болады.
                        Осыған байланысты логикалық ойлау сабақтастығын аяқтау үшін біз адамзат
                  нәсілінің қалыптасу, дамуының алдыңғы кезеңі туралы ұсыныс жасауымыз керек:
                  Homo relativisticus – ӘСБ-ны ӘСН-мен бірге таныған және қабылдаған адам –
                  әлемнің  релятивистік  Адамы.  Сонда  ғана  біз  Адам  нәсілінің  дамуының  келесі
                  кезеңі туралы – HNC туралы, яғни адамзат дамуының ноосфералық-кавитиондық
                  кезеңі  туралы  және  де  сонымен  бірге  HNC  –  жаңа  Ноосфералық-кавитиондық
                  Адам туралы батыл ой айта отырып, талқылай аламыз.

                        5.3.2 Homo noospherus-cavitionus туралы
                        гипотезаның заңдылығы және негізділігі

                        Біздің  гипотезамызға  байланысты  ақылға  қонымды  мынадай  сұрақ
                  туындайды: «Адам мен Хауа – заңды түрде жаратылған/туылған ба, жоқ па?». Біз
                  бұл сұраққа бірден «жоқ!» деп жауап бере салуымызға болар еді және де соған

                  соңғы  нүкте  қоя  саламыз.  Ал,  егер  біз  бұл  сұраққа  «иә!»  деп  жауап  беруге
                  тырыссақ,  онда  жағдай  мүлдем  басқаша,  өйткені  бұл  жағдайда  қысқа  жауап
                  орынсыз болады. Бірақ бұл жағдайда қарсы сұрақ туындайды: «Адам мен Хауа
                  қандай заң негізінде дүниеге келді?». Кез-келген қарапайым адам: «Бұлай болса,
                  сол бағзы замандарда заң ұғымы түгілі “заң” деген сөздің өзі болған емес!» – деп
                  жауап береді. Егер әңгіме заңдылық туралы болса, онда осындай жағдайда қалай
                  сөйлесуге  болады?  Бірақ-та,  әрине,  онымен  келіспейтіндер  табылады.
                  Кейбіреулер: «Ең басында сөз болды және де ол сөз “Құдай” сөзі болды!» – деген
                  киелі кітаптан алынған әфсана бар. Құдай бар жерде заң да бар, заңдылық та бар!
                  Қазіргі заманның құқықтық нормаларымен қаруланған басқалар: «Заңды елемеу –
                  заңдылық жауапкершіліктен босатпайды!» деп үндейді. Олардікі дұрыс па, бұрыс
                  па – мұны кім түсіндіреді, айталық – ешкім! Сонымен, қайсыбір заңға сәйкес Адам
                  мен  Хауа  Жарық  Дүниемен  бірге  заңды  түрде  жаратылды  немесе  олар  әуел
                  бастан-ақ  табиғат  ортасында  эволюциялық  жолмен  (мысалға,  Дарвин
                  іліміндегідей, табиғи сұрыптау негізінде) Жарық Дүниеге туылып, бүкіл адамзат
                  баласын осы дүниеге әкелді...
                                                                  60
   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66