Page 56 - Теория кавитации
P. 56

ЭМ түсінуге және оған практикада баса назар аударуды бәсеңдетпеуге тағы бір
                  маңызды  үлесі  болмақ.  Алдымен  француздың  әйгілі  радио  және  теледидар
                  теориясы мен практикасының әйгілі білгір-насихаттаушысы Евгений Айсбергтің
                  тыңғылықты туындыларына тоқталайық: [Радио?.. Бұл өте қарапайым! Француз
                  тілінен орысшаға аударылған. М.-Л.: Энергетика, 1967, 73 б., безенд. (Бұқаралық
                  радио кітапханасы, 622 шығарылым)]; [Түрлі-түсті теледидар?.. Бұл қарапайым!
                  Француз тілінен орысшаға аударылған, 2-ші басылым. Дури Жан-Пьермен бірігіп.
                  М.:  Энергетика,  1975,  121  б.,  безенд.  (Бұқаралық  радио  кітапханасы.  870
                  шығарылым)];  [Радио  мен  теледидар?..  Бұл  өте  қарапайым!  Француз  тілінен
                  орысшаға  аударылған,  2-ші  басылым.  М.:  Энергетика,  1979,  232  б.,  безенд.
                  (Бұқаралық  радио  кітапханасы.  975  шығарылым)].  Осы  техникалық
                  жарияланымдарды  оқырмандарыма  РЭТ  (радиотехника,  электроника  және
                  телекоммуникациялар)  техникалық  физика;  техникалық  кибернетика  салалары
                  бойынша білімдерін жүйелі түрде толықтырып отыру мақсатында ұсынамын.
                        Бұл  жұмыстарда  радио  мен  теледидардың  жұмыс  қағидасы  жан-жақты
                  сипатталған,  әсіресе  электр  және  магнитизм,  қысқаша  айтқанда,  электр-
                  магнитизмнің осы салалардағы орны мен рөлі мұқият тәптіштелген. Радио және
                  теледидар сигналдарының – дабылдарының тасымалдаушылары – ЭМТ, олардың
                  арқасында бүгінде радио мен теледидар сымсыз режимде жүзеге асырылған. ЭМТ
                  негізінде  пайда  болатын  радио  толқындар  Ғаламның  терең  түкпірлеріне  шейін
                  енеді  және  де  олар  жаңа  көкжиектерді  ашады  һәм  осы  уақытқа  дейін  жеткен
                  көкжиектерін  кеңейтеді,  осылайша  жақын  болашақта  Адамның  Ноосферойдқа
                  және  Кавитиондық  Адамға  айналуына  ықпал  етпек.  Сонымен  қатар,
                  радиотолқындар әлі күнге дейін табылмай келген танылмаған өркениет өкілдерін,
                  егер ол бар болса, табуға жол ашатын жалғыз құрал болып табылады.
                       (4-бап материалы үшін негізгі жарияланым [63]: Д.Ә. ӘУБӘКІР, Е.Д. ӘЗЕН. Жер асты
                  басқарылатын таса  байланыс жасақтаудың   синергетикалық-арқандық тәсілі// Бейсызық
                  жүйелердегі хаос және құрылымдар. Теория және тәжірибе: 7-ші халықаралық ғылыми конф.
                  материалдары (23-25 қыркүйек, 2010 ж.). Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010, 303-317 бб.)

                        5. ¼-ҒАСЫР НООСФЕРАЛЫҚ-КАВИТИОНДЫҚ АДАМЫ
                        – HOMO NOOSPHERUS-CAVITIONUS QUARTA SAECULI
                        (Бұл баптағы материал алынған жариялық сілтемелер: [65]-[92])

                        Аңдатпа.  Бапта  Адам  нәсілінің  Жарық  Дүниеде  жаратылып,  қалыптасып,
                  Жер өркениетінде бүгінгі күнге дейінгі ерен құбылыс ретінде дамуы және де XXI
                  ғасырдың үстіміздегі һәм келер ширектерінде – ¼-ғасыр белестеріндегі жай-күйі
                  талқыланады. Әсіресе бап тақырыбында көрсетілген екінші ¼-ғасыр арнайы тілге
                  тиек  етіледі.  Ұзын-сонар  тарихта  белгілі  болып  үлгерген  Адамның  нәсілдік
                  түрлеріне       автор     Ноосфералық-кавитиондық               Адам      және      Ғарыштық-
                  жатпланеталық Жер Адамы деген екі жаңа нәсілді қосып отыр.




                                                                  55
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61