Page 54 - Теория кавитации
P. 54
“модуляцияланған” радиодабылды кез келген кедергіден еш мүдіріссіз өтетіндей
жағдай жасақтауға болады ғой деп топшылаймыз.
Демек, таңдау – кавитион қосу өріс – ci1↑fi (field – өріс) кедергілердің
көптеген түрлерін жеңіп, солардың ішінде жоғарыда айтылған судың терең тығыз
қабаттары, әуенің ионосфера, стратосфера һәм тропосфера секілді қабаттарын
өңмеңдей өтіп, өзінің бойына өңгеріп алған радиодабылды діттеген жеріне
жеткізе алмақ. Бұл арада анықтап алуға тиіс нәрсе – радио сәулеленуді жүзеге
асыратын электр-магниттік құбылыстың – толқынның кеңістік-уақыт ортасында
қалыптасып, таратылуының себептері (ЭМТ қоздырушысы таратқышта
ұйымдастырылатын жоғары жиілікті айнымалы тоқ – электрлік құбылыс екенін
білеміз!). Ол электрон емес, протон емес, нейтрон емес, фотон емес, сонда ол –
қандай ЭБ немесе нендей субстанция (білуімізше, бүгінгі күнге дейін
электротехника мамандары осы себептерді дөп басып, анықтай алмаған екен!)?
Мінеки, бұл мәселелі сұрақ келесі бапта талқыланып, өз жауабын толық таппақ.
4.5 Жарылыстан толқын туындайтынын кім жоққа шығармақ…
Алдыңғы баптан байқағанымыз: бұл көпіршік-ату құбылысы мен үдерісі
қазіргі заманауи коммуникациялық технологиялар мен болашағынан зор үміт
күттіретін телекоммуникация жүйелерінде маңызды орын алады. Осы өте
маңызды сұрақты талқылауды бастамас бұрын, кавитация теориясы тұрғысынан
біз ежелден – ұзақ уақыт бойы жауап күткен басқа бір өте маңызды сұраққа жауап
беруге тырысып көруіміз керек: «Электр-магниттік толқындардың табиғаты
қандай немесе электр-магнитизм ұғымы дегеніміз не?». Физика ғылымы
дамуының әрқилы кезеңдерінде бұл сұраққа жауап беруге талпыныстар болған
болуы да мүмкін, бірақ барша физиктер мұндай әрекеттерді қабылдамағаны
белгілі, бір сөзбен айтқанда, біз осы сұрақ төңірегінде “ақ таңдақтың” бар екенін
мойындауға тиіспіз, бұл ұғымдар, егер хронологияны Ампер, Кулон, Фарадей
және Максвелдің еңбектерінен бастап қарастырсақ, ғылыми қолданыста екі-үш
ғасырға жуық уақыт болуда. Тағы да қайталауға тура келеді: электр-магниттік
толқындардың (ЭМТ) пайда болу табиғатының жоқтығын және электр-магнитизм
(ЭМ) және электр-магниттік өріс (ЭМӨ) ұғымының неден туындағанын елемей,
салдарлар ретінде осыларды қолданып келгенін байқамай қалғандай(!) Басқаша
айтқанда, мамандар осы құбылыстарды тудыратын нақты себепті анықтамай-ақ
осы уақытқа дейін қолданып келген. Мысалға [62, 59 б.], осы еңбектің авторлары
біресе ЭМТ ұғымы ЭМӨ ұғымынан пайда болады десе, біресе ЭМӨ ұғымы ЭМТ
ұғымынан пайда болады дегендей тұжырымды қайталайды. Электр немесе жарық
тек олардың қайнар көзі болып табылады, бірақ электр-магниттік толқындар мен
электр-магнитизмнің себебі ол емес, «ЖЖ-ҚТҚ – Жоғарғы жиілікті құбылмалы
тербелмелі қозғалыс» құбылысы екендігін тұжырымдаймыз, оның ci1 типіндегі
үздіксіз түзілетін-жарылатын, түзілетін-жарылатын т.т. электрон-
кавитиондардың қайталанатын тербелмелі тізбектері, яғни тынбай қайталанатын
53