Page 49 - Теория кавитации
P. 49

күшін туындатса, МГҚ алға сүйрейтін күшті туындатады, осы екі құйын біріге
                  келе,  құстың  ұшуын  мейлінше  жеңілдетеді  және  оның  энергиясын  өте-мөте
                  үнемді жұмсауына жағдай жасайды. Бұл құбылыс электродинамикадағы электр-
                  қозғағыш күшке өте ұқсас, бірақ оны магнит-қозғағыш күш (МҚК) деген дұрыс
                  болар еді.
                       Бұлай болмаған күнде тундра крачкасы қалайша 20 мың шақырым, песчанка
                  (құмшық)  10  мың  шақырым  қашықтықтарды  ұшып  өтетінін  түсіндіру  мүмкін
                  емес; салмақты қаздар, пеликандар, құтандар, ақ-қара қулар, тырналар 2-3 мың
                  шақырым  қашықтықтарды  бір  ұшқанда  ала  алмас  еді.  Киттер  мыңдаған
                  шақырымға кідірместен сапар шегеді, пингвиндер де осынша қашықтықты ауада
                  ұшқандай  су  астымен  самғап  отырып,  артқа  қалдыратын  көрінеді.  Мұндай
                  қозғалыстар  үшін  жануарлардың  өз  энергетика  көзі  жеткіліксіз;  ауада  ұшу
                  қабілетінен  айырылғанымен,  осы  пингвиндер  магнитизм  торабынан  ӨИ
                  туындатып, соны кәдеге жаратуынан жаңылмаған болса керек, ал ААҚ орнына
                  ағымдағы су құйындарын (АСҚ) туындатып пайдалануға көшкен болса керек.
                       Ал  құстардың  кейбір  түрлерінің,  шіркейлердің  мыңдап-миллиондап
                  топтасып, қозғалыс ырғағынан еш жаңылмай ұшуы, немесе балықтардың кейбір
                  түрлерінің  су  астында  дәл  сондай  бір  ырғақпен  (синхронды)  топтасып  жүзуі
                  магнитизм  торабының  не  болмаса  электр-магнит  торабының  әсерінсіз  жүзеге
                  аспас еді...
                       Осындай жәндік-екеш жәндіктің “қолынан” келген нәрсе табиғатты билеп-
                  төстеймін деуші адам баласының қолынан келмеуі өкінішті-ақ...
                       Біздің зерттеулеріміз осы олқылықты жоюға бағытталады. Өзі қолдан жасап
                  алған магниттік, электр-магниттік және т.б. қозғағыш түрлерін қолдануды місе
                  тұтуға сірәда болмас. Олардың ПӘК (пайдалы әсер коэффициенті) көрсеткіші өте
                  төмен, іштен жану қозғағыштарының ПӘК көрсеткіші одан да төмен. Сондықтан,

                  адам баласы алыс жұлдыздар, шоқжұлдыздарға – галактикаларға ұшуды ойласа,
                  онда  гравитация  мен  табиғи  магнитизмді  (соның  ішінде  күннен  тарайтын
                  магниттік  құйындарды  кәдеге  жаратуды  үйренуі  қажет,  онсыз  ғарыштық  алыс
                  қашықтықтарға сапар шегу туралы армандамаса да болады) [57].

                       4.2 Жер айналасындағы табиғи электр торабының желісі

                       Жердің айналасын қоршаған ортада статикалық тоқ өрісі болатын көрінеді.
                  Нұрбек Мәженовтің айтуына қарағанда, бұл тоқ Жер шарының өз өсінен ротор
                  іспеттес  ұршықша  шыр-көбелек  айналуынан  туындайды  екен.  Бұл  тоқтың
                  атрибуттары атмосфераның белгілі биіктігіне дейін әжептеуір шамада сақталатын
                  көрінеді. «Найзағайдың туындауының себебін де осымен түсіндіруге болады» –
                  дейді Нұрбек өзінің «Маленькая книжка о большой Вселенной» деген кітабында
                  [58].
                       Осы құбылысты құстар аспанда ұщқанда пайдаланады ма, жоқ па? – деген
                  сұрақ орынды секілді.
                                                                  48
   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54