Page 46 - Теория кавитации
P. 46
ойнайды, біз осы ойымызды түсіндірейік: гендік өнімге, оның ішінде су
қоспасына мембрана арқылы ағып өтіп кетудің ең қарапайым және оңай жолы,
оның рөлі тропеоктодерм жасушаларының қабаттарымен ауаның көп мөлшері бар
газ көпіршіктерінің қалыптасуы; көпіршіктер екі жағынан мембранаға жабысып,
кез-келген мүмкіндікте осмотикалық қысымның әсерінен айтылғандай жарылып,
бұл көпіршіктерден мембрананың саңылаулары арқылы гендік заттар қарама-
қарсы жаққа өтеді, осылайша бластоцисттің қуысына да керек заттар енеді;
негізінен түрлі химиялық элементтердің (ХЭ) иондары мен тұздары, ферменттері
және көпіршіктердің қабықшасын құрайтын су қоспасынан тұратын өнімдер де
бар, мұнда біз тек газ тәріздес ортаға көпіршіктердің пайда болу мүмкіндіктерін
де қабылдаймыз, яғни жоққа шығармаймыз (Ranque-Hilsch – Ранк-Хилш құбыры
IHS – ИЖЖ – интенсивті жылыту технологиясының базалық элементі болып
табылады, міне осы құбырдағы ауа ортасында көпіршіктердің қарқынды
қалыптаса алатындығын алға тартамыз [45]); бұл кавитация – көпіршік-ату
үдерісінің күші мен қуатының арқасында жаңадан пайда болатын жасушалар –
бластоцисттер – болашақ эмбриондық жасушалар үшін қажетті температуралық
және энергетикалық әсерлер мен алғышарттар пайда болады; демек, эмбрион
алды кезеңінде гендік өнім қалыптасуы, энергия мен температуралық өзін-өзі
реттеу және гомоиотермия осы КА-ЕҚ құбылысынан бастау алатынға ұқсайды,
олай емес – деуге қандай да бір себеп – жоқ;
- бұл кавитацияның, яки көпіршіктердің пайда болуын білдіреді, эмбрион
полярлық эпителийдің дамуына сүйенеді; бластоцель сұйықтығы негізінен су
болып табылады, сондықтан оны өндіру және жинақтау механизмі
трофэктодермнің иондық тасымалдау қасиеттеріне байланысты; сондықтан да
авторлар бластоцистті кавитация деп атайды [41]; енді осыны біздіңше
түсіндірейік: бластоцель – эпителийдің заттық поляризациясы электрлі
зарядталғандықтан туындайды, өйткені мембрананың екінші жағындағы сыртқы
орта жоғарыда түсіндірілгендей, “-” болып зарядталған, ал бластоцельдің заттары
+
+
“+” болып зарядталғандығын Na /K -АТФаза әрекетінен-ақ білеміз, сонымен
мембрананың айналасында электрлік әсер пайда болады да, міне осы әлі де зат
алмасуларға алғышарт болады, ал бұл жағдай жоғарыда талқыланған кавитация –
көпіршік-ату үдерісінің пайда болуына ықпал етеді – импульс береді, мінеки, бұл
трофэктодерм жасушаларының қабаттары арқылы бір тынбастан зат алмасуларды
ci2 түріндегі кавитиондық сорғылау арқылы атқаруды қамтамасыз етпек;
- трофэктодерм – бұл эпителий жасушаларының дифференциациясы үшін
мінсіз үлгі, өйткені бұл эпителий аполярлы бластомерлерден «de novo» әдісімен
пайда болады [41]; мұнда біз талқыланып отырған жұмыстың авторларының
перспективасын айқындауға тиіспіз; болашақ эмбриондық жасушаларды саралау
үшін дифференциациялық өзгерістердің алғышарттарды қалыптастырудағы рөлі
– бұл болашақ ағзаның тірі жасушасына – бластоцистті биотаға айналдыру үшін
өте маңызды екендігінде және де бұл түсіндіруде кавитация – көпіршік-ату
механизмі қаншалықты маңызды болмақ; біз тағы бір жалпы ескерту жасағымыз
45